1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сұрақтар 414 сұрақ

Еуро монеталарын қайда айырбастауға болады (2 евро номиналы)?

Санат: Ұлттық валюта

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуды және (немесе) сатуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдар немесе уәкілетті банктер жүзеге асырады. Өзге тұлғалар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі қаржылық қызметтер көрсетуге құқылы емес.

«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 Қаулысының 56 - тармағына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға шет мемлекеттерінің (мемлекеттер тобының) монеталарын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізу жөніндегі шешімді дербес қабылдайды.

Осылайша, шет мемлекеттердің монеталарын айырбастау мәселесі бойынша Сізге айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар және көрсетілген операцияны жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдарға тікелей айырбастау пункттеріне жүгінуге кеңес береміз. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің осындай айырбастау пункттерінің тізбесі туралы ақпараты жоқ екенін атап өтеміз.

Айырбастау пункттері айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде клиенттердің мәліметтерін тіркеу үшін ұсынылатын клиенттердің берілетін дербес деректерін қорғауды қалай қамтамасыз етеді?

Санат: Ұлттық валюта

2020 жылғы 1 ақпаннан бастап № 265[1] қаулымен енгізілген айырбастау операцияларын жүргізу кезінде айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңгеден аспайтын сомаға клиенттің тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса) айырбастау операцияларын жүргізу кезінде тізілімдер журналында[2] тіркеуді көздейтін № 49[3] Қағиданың 51-тармағына өзгеріс қолданысқа енгізіледі.

Сонымен бірге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  ҚР Заңның 22-бабының 1-тармағында анықталғандай, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға бойынша қажетті шараларды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау:

1) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау;

2) егер мұндай санкцияланбаған қолжетімділікті болдырмау мүмкін болмаса, дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтау;

3) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің қолайсыз салдарларын барынша азайту.

Сонымен бірге, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  ҚР Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері дербес деректерді жинау сәтінен бастап туындайды және олар жойылған не иесіздендірілген сәтке дейін қолданылады.

Сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартуға не уақтылы жүзеге асырмауы үшін сақтандыру ұйымдарының жауапкершілігі көзделген бе?

Санат: Қаржы қызметтері

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 803-бабына сәйкес сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.

 Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.

Кодекстің 806-бабына сәйкес: міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімi бойынша белгiленедi.

Сақтандыру шартында  өзгесінен басқа сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайын көрсету, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру сомасы (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) тәртібі және мерзімдері әрі сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті  жетіспейтін құжаттар туралы сақтандырушы немесе сақтандырылушыны хабарландыру мерзімдері болуы тиіс. 

Кодекстің 817-бабына сәйкес, сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.

Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда, cақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс.

Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.

Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерімен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келісімiмен белгiленедi.

Кодекстің 820-бабына сәйкес сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы.

 Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.

Осылайша, сақтандырушы шартта көзделген тәртіпте және мерзімде, ал сақтандыру міндетті түрлері бойынша  заңнамаға сәйкес сақтандыру төлемдерін жасауға міндетті.

Егер жауапкершіліктің бұдан жоғары мөлшері шартпен немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілермен көзделмесе, сақтандырушы сақтандыру төлемдерін уақтылы жасамағаны үшін Кодекстің 353-бабына сәйкес жауап береді.

 Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартуға негіздеме Кодекстің 839-бабымен көзделген, сақтандырудың міндетті төлемдерін реттейтін заңнамалық актілермен көзделген.

Сақтандыру шартының талаптары бойынша, егер бұл заң актiлерiне қайшы келмейтiн болса, сақтандыру төлемінен бас тартудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.

Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін.

КҚИАҚЖ туралы заңғасәйкес сақтанушы және сақтандырушы (жәбiрленушi, сақтандырылушы, пайда алушы) арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы жүзеге асырады.

Сөйтіп, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандырушы (жәбiрленушi, сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш  беруге құқылы.

Банктік қарыз шартының мазмұнына қойылатын талаптар бар ма

Санат: Қаржы қызметтері

ҚР АК382-бабына сәйкес шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.

Банктер туралы заңның 34-бабына сәйкес банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

№18 қағидаларғасәйкес шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан басқа, тараптардың келісімі бойынша белгіленген тиісті түрдегі талаптардағы шарттар үшін №18 Қағидаларда белгіленген міндетті талаптар болуы тиіс.

Оған қоса, №18 Қағидаларда қарыз алушылар толық хабарландырылуы мақсатында  банктерге жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарының алғашқы екі бетінде   шарт жасасқан күн, қарыздың мақсаты, қарыздың жалпы сомасы және валютасы, қарыздың мерзімі,  сыйақы ставкасының түрі (тіркелген немесе құбылмалы), сыйақы ставкасының мөлшері жылдық пайызбен, сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының  (бұдан әрі – ЖТСМ) мөлшері, өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз), қарызды өтеу әдісі: аннуитеттік (теңдей төлемдермен өтеу) немесе сараланған (негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы) не банктің ішкі ережелеріне сәйкес басқа тәсілмен, қарызды бойынша берешекті өтеу кезектілігі, негізгі борышы уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Сонымен қатар,  жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартында  қарыз беруге байланысты комиссиялардың толық тізбесі және олардың заем беруге байланысты алынуға жататын мөлшері көрсетіледі.

Одан басқа, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және алынатын қарыздар туралы олардың хабарландырылуы үшін қарыздардың негізгі параметрлерін көрсетумен  міндетті түрде шартқа жадынаманы қосу туралы талап (қарыз сомасы және мерзімі, төлем мөлшері, сыйақы мөлшерлемесі, міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық мөлшері) қолданылады. 

Ұлттық Банк қарыз алушыларға өтеу үшін берілетін берешектің (ай сайынғы төлемнің, өсімпұлдың, сыйақының, комиссияның, ЖТСМ мөлшерін) есебінің дұрыстығын тексере ме?

Санат: Қаржы қызметтері

Ұлттық Банк туралыереженің мазмұнына сүйене отырып, берешекті есептеудің дәйектілігіне тексеру жүргізу Ұлттық Банктің функциясына кірмейді.

 №377 қаулымен банктік қарыз шарты  жасау кезіндегі шекті мөлшері бекітілген сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңа комиссияларды банктік қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты өзге төлемдерді енгізумен аспауы тиіс 56 % (елу алты) пайыз мөлшеріндегі  ЖТСМ бекітілді.

Одан басқа, бактер қарыз алушы өз міндеттемесін тиісті орындамаған жағдайда, міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын ұстап қалуға құқылы. Бұл ретте жеке тұлғалардың қарызы бойынша Банктің 35-бабының 2-тармағымен    банктік қарыз шарты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері әрбір мерзімі өткен күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға, бірақ қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауы белгіленген.

Ұлттық Банктің сайтында  ЖТСМ есептеу және ай сайынғы төлемді сараланған және аннуитетті әдіспен есептеу  калькуляторлары орналастырылғанын атап айтамыз, олардың көмегімен  ай сайынғы төлем және қарыз бойынша  ЖТСМ қарыз алғанға дейін есептеуге болады.

Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер, банк)  қарыздарға қызмет көрсету мәселелер бойынша қарыз алушылардың жазбаша өтініштеріне жауап бермеуге құқылы ма?

 

Санат: Қаржы қызметтері

Өтініштер туралы заңғасәйкес банктер осы Заңмен белгіленген тәртіпте берілген өтініштерді қарауға міндетті.

Өтініштер туралы заңның 1-бабына сәйкес өтініштерді қарайтын субъектілер (бұдан әрі - субъектілер)  - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша оларға тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан ірі кәсіпкерлік субъектілері жатады.

Өтініштер туралы заңның 15-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес субъектілер мен лауазымды тұлғалар осы Заңда белгіленген тәртіппен әрі мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдауға және оларды қарауға міндетті.

Өтініштер туралы заңның 8-бабына сәйкес қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Өтініштер туралы заңның 17-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

ӘҚБтК 189-бабымен ірі кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзуы - заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны көзделген.

ӘҚБтК 805-бабымен прокурор осы құқық бұзушылық үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.

Сөйтіп, банктер қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін Өтініштер туралы заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қабылдаудан және қараудан бас тартқан жағдайда не өтініштерге жауап бермеген жағдайда, банктік қызметті тұтынушылар прокуратураға өтініш беруге құқылы.

Өтініштер туралы заңның талаптарымен қатар, банктер үшін №19Қағидалармен қарыз алушылардың өтініштерін қарау бойынша қосымша талаптар белгіленген. №19 Қағидалардың 13-15-тармақтарына сәйкес банк қарыз алушыға соманы қайтарылуы тиіс мөлшерде берешекті өтеу есебінен келіп түскен ақшаны бөлуде берешектің құрылымы  туралы мәліметтерді жазбаша түрде  өтініші бойынша қарыз алушыға қайтарады. Бұл ретте 14-15-тармақтар бойынша мәліметтер ақысыз беріледі. №19 Қағидалардың  көрсетілген талаптарын бұзған жағдайда қарыз алушы заң бұзушыға қатысты тиісті шараларды қабылдау үшін Ұлттық Банкке өтініш беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының резиденттеріне қарызды шетел валютасымен банк беруге құқылы ма

Санат: Қаржы қызметтері

Валюталық реттеу туралы заң банктерге шетел валютасымен қарыздарды беру мүмкіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және талаптармен Шетел валютасымен пайдалану, сондай-ақ төлем құжаттарын Қазақстан Республикасының аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шетел валютасында рұқсат етіледі.

Шетел валютасы Валюталық реттеу туралы заңның 1-бабының 3) тармақшасымен  валюталық құндылықтар ретінде белгіленеді.

 Валюталық реттеу туралы заңның 13-бабының 2) тармақшасының сәйкес өздеріне берiлген лицензияға және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық операцияларға тыйым салынған.

Банктің шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге лицензиясы болған жағдайда, осы банк Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен қарыздарды беруге құқылы. 

Екінші деңгейдегі банктер клиенттердің шоттарын (жалақы түсетін карточкалық шот) бөгеуге және одан ақшаны толық көлемде есептен шығаруға құқылы ма?

Санат: Қаржы қызметтері

Банктер туралы заңның 36-бабына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген әдіспен банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді төлеу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.

Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыртын ұйым) қарыз алушыға мынадай шаралар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарындағы, қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылары мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банк шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) қолдануға құқылы.

Төлемдер туралы заңның 13-бабына сәйкес банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясының не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қарыз алушыдан, кепілгерден өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өз банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ақшаны жөнелтуші банкке береді.

Төлемдiк талап-тапсырмаларды пайдалана отырып төлем жасаған кездегi құқықтар мен мiндеттер ақша жөнелтушiнiң банкiне оны ұсынған кезден бастап туындайды. Ақша жөнелтушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ақша жөнелтушi банкке ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырма қойылған жағдайларды қоспағанда алынған төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге акцептеуi үшiн беруге тиiс. Ақшаны жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде бас тартуға тиiс. Төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушi не ақша жөнелтушi банк акцепттеген жағдайда, егер талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпесе, төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiде оны орындау жөнiнде талап ету құқығы пайда болады.

Өз кезегінде алушы-банк (клиенттің банктік шоты ашылған банк) 179 нұсқаулықтың116-тармағына сәйкес төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды.

179 нұсқаулықтың 117-1-тармағына сәйкес, осы Нұсқаулықтың 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.

Сөйтіп, алушы-банк клиентінің банктік  шотына төлем талап-тапсырмаларын бергенде және осы шотта ақша болмаған жағдайда, заңнаманың нормаларын басшылыққа

Ұлттық Банктің сайтында кредиттер бойынша қандай ақпаратты табуға болады? Қандай бөлімдерде?

Санат: Статистика

Есепті кезеңде банктердің клиенттерге (Қазақстан Республикасының резиденттеріне) берілген кредиттері және олардың сыйақы мөлшерлемелері бойынша деректерімен қатар клиенттердің (Қазақстан Республикасының резиденттерінің) несие және мерзімі өткен берешектерінің қалдықтары туралы деректер мерзімдер және валюта түрлері бойынша, заңды және жеке тұлғалар, экономиканың салалары, кредит беру объектілері, аймақтар кесіндісінде көрсетілген.

Ақпарат Статистикалық бюллетенде және «Статистика» бөлімінде ай сайын жарияланады.

Ұлттық Банктің сайтында статистикалық ақпарат қашан жаңартылады?

Санат: Статистика

Ұлттық Банктің сайтында статистикалық ақпарат «Статистика» бөлімінде жарияланатын Статистикалық ақпараттың шығу кестесіне сәйкес жаңартылады.

Жоғарыға