1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі міндет шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі қаржылық жағынан ауқатты және жақсы капиталдандырылған, бірақ өтімділіктің идиосинкратиялық күйзелісіне ұшыраған уақытша өтімсіз банктер үшін соңғы сатыдағы қарыз беруші болып табылады.

Өтімділіктің идиосинкраттық шогы деп, клиенттердің өз салымдарын бір сәттік жаппай алуы нәтижесінде Банктің өтімді қаражаты тапшылығының туындауын белгілеу қабылданған. Салымдардың мұндай жылыстауы банктің тұрақтылығына тікелей әсер етпейтін, бірақ оның салымшыларының болжамдары мен мінез-құлықтарына әсер ететін оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мысалы, мұндай оқиғаларға банкке ақпараттық шабуыл, макроэкономикалық жағдайлардың нашарлауы жатады. Идиосинкраттық шок табиғатын шок триггерлерінің ерекшелігін және олардың қандай да бір банкілерге әсерінің іріктелуін анықтайды.

Мұндай шоктарға жауап ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін үздіксіз орындауын қамтамасыз ету және қаржы жүйесінде жүйелік тәуекелдің іске асуына жол бермеу мақсатында соңғы сатыдағы қарыз береді.

Соңғы сатыдағы қарыздардың шарттары Ұлттық Банк туралы заңмен, тиісті Қағидалармен және Қағидаттарымен реттелген.

Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыздарды келесі шарттармен:

1) төлем қабілеті бар банктерге беріледі;

2) ұлттық валютада беріледі;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді;

4) 14-тен 90 күнтізбелік күнге беріледі;

5) банк активтерімен толық қамтамасыз дандырылуымен беріледі.

Жоғарыға