Қазақстан Ұлттық Банкі

Қаржылық тұрақтылық

Қаржылық тұрақтылық пен макропруденциалдық саясат

Қаржылық тұрақтылық – қаржы жүйесінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, экономиканың нақты секторының іскерлік белсенділігін қолдайтын және жүйелік тәуекелдер мен дағдарыстық құбылыстары жоқ жағдай.

Қазақстан Ұлттық Банкі дербес, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады:

1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторинг жүргізеді;

2) макропруденциалдық саясатты қалыптастырады;

3) заңнамада көзделген тәртіппен соңғы сатыдағы қарыздарды береді.

Макропруденциалдық саясат

Макропруденциалдық саясат

Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар кешені.

Бұдан әрі

Соңғы сатыдағы қарыз берушінің функциясы

Соңғы сатыдағы қарыз берушінің функциясы

Қаржы жүйесінде жүйелік тәуекелдің іске асуын шектеу мақсатында төлем қабілеті бар банктер өтімділігінің қысқа мерзімді тапшылығын жабу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыз беруі.

Бұдан әрі
Жоғарыға