«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі заң бойынша Төлем ұйымы төлем ұйымын есептік тіркеудің Ұлттық Банк берген тіркеу нөмірі (бұдан әрі - тіркеу нөмірі) болған кезде көрсетілетін төлем қызметтерінің мынадай түрлерін көрсетеді:
1) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті аппарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді (дипломның (дипломдардың) жəне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтініш;
4) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжат;
5) штатта ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді əкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жəне комплаенс-бақылау қызметі басшысының немесе комплаенс-бақылау жүргізу жүктелетін өзге де адамның бар екенін (жұмысқа қабылданғанын) растайтын мəліметтер мен құжаттар;
6) төлем ұйымдары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары;
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.Ұлттық Банк өтінішті қараудың қорытындылары бойынша төлем ұйымын есептік тіркеу не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылдайтын күні төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуді (хабарламаға қол қойылғаннан кейін) жүзеге асырады, төлем ұйымына есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.