Сұрақтар 98 сұрақ
Шын банкнотты жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті. Еліміздегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқаның кейбір белгілерін ғана имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен шығарылады. Қолдан жасалған мұндай банкнотты арнайы жабдықтың көмегінсіз-ақ «сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану арқылы анықтауға болады.
Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті. Еліміздегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқаның кейбір белгілерін ғана имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен шығарылады. Қолдан жасалған мұндай банкнотты арнайы жабдықтың көмегінсіз-ақ «сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану арқылы анықтауға болады.
Алдымен банкнотты ұстап сезіну қажет.
Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Барлық банкнотта бедер беретін арнайы мөр басылған. Егер «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген атауды немесе Қазақстан картасындағы архитектуралық бейнелерді саусақпен ұстап көрсе, бедерді сезуге болады.
Сонымен қатар, барлық банкнотта көзі нашар көретін адамдарға арналған белгілер бар, олар банкноттың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұлар – ұстап көргенде жақсы ажыратуға болатын жоғары бедерлі элементтер.
Екіншіден, банкнотты мұқият қараған жөн.
Бастапқыда ақша белгісінің таза, айқын, контрастты немесе лас болуын, дақтарының болуын жалпы көзбен көріп зерделеу қажет. Банкнотты жарыққа қаратып, аңыздағы самұрық құсы түріндегі су белгісін және номиналдың сандық бейнесін көруге болады.
Дәл осы сияқты, жазулары бар нүктелік сызықтар түрінде қағаз бетінде пайда болатын магнитті (металдандырылған) үзік жіпті тексеру қажет. Ол біртұтас болуы керек.
Үшіншіден, банкнотты аударып көру керек.
1000 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі банкноттарда көлбеу бұрышына қарай түсін жасылдан алтын түске дейін өзгертетін ерекше элемент бар. Банкнотты әр түрлі бұрыштарға баяу бұрған кезде элемент бойымен түсті жолақтың қозғалысын көруге болады.
2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы суреттер жарқырайды және динамикалық әсері бар.
Бұл үш әдіс сізге банкноттың шынайылығын арнайы жабдықсыз анықтауға көмектеседі.
Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарын қайдан сатып алуға болады?
«ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатып алуға болады. Филиалдардың мекенжайлары мен байланыс телефондары ҚҰБ ресми сайтында «ҚҰБ туралы – ҚҰБ құрылымы – Филиалдар» бөлімінде орналастырылған.
Ұлттық Банктің коллекциялық монеталарын қайдан сатып алуға болады?
Коллекциялық монеталар Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін сатылады.
Шетелдік шоттан Қазақстандағы өз шотыма ақша аударған едім, алайда ақша түскен жоқ. Ақша қашан түседі? Оны қалай табуға болады?
Қазақстанның банктері Қазақстанның бейрезидент банктерімен жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдарына байланысты қатынастар олардың арасында жасалған шарттармен реттеледі. Осыған байланысты жағдайды шешу үшін сіздің банктік шотыңызға қызмет көрсететін Қазақстанның банкіне өтініш жасау қажет.
Валюта бағамы бойынша ресми анықтаманы (ақпаратты) қалай алуға болады?
Валюта бағамы туралы ақпарат Ұлттық Банк сайтының «Ұлттық валюта – валюта бағамдары» бөлімінде қолжетімді. ҚҰБ порталында пайдаланушы таңдаған белгілі бір күнге валюта бағамдары бойынша ақпаратты бланктегі ресми анықтама форматында («Электрондық анықтамалар» бөлімі) жүктеу мүмкіндігі көзделген.
Айналыстан шыққан ескі үлгідегі теңге банкноттарын қалай ауыстыруға болады?
Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында шектеусіз айырбастауға болады. 2006 жылдан ерте шығарылған банкноттар айырбастауға жатпайды.
Ұлттық Банкте валютаны (АҚШ долларын, евроны, Ресей рублін, Беларусь рублін, түрік лирасын, Қытай юанын, фунт стерлингті, Канада долларын және басқаларын) айырбастауға бола ма?
Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сатып алуды және сатуды жүзеге асырмайды. Қолма-қол шетел валютасын тек банктерде немесе банктік емес айырбастау пункттерінде ғана айырбастауға болады.
Қазақстанда шетел валютасын (АҚШ долларын, евроны, Ресей рублін, Беларусь рублін, түрік лирасын, Қытай юанын, фунт стерлингті, Канада долларын және басқаларын) қай жерде айырбастауға болады?
ҚР-дағы жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату жөніндегі операцияларды тек банктер және банктік емес айырбастау пункттері жүргізеді. Жұмыс істеп тұрған банктік емес айырбастау пункттерінің мекенжайлары бойынша ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында «Қызметтерді тұтынушыларға – Қаржы ұйымдары бойынша ақпарат – Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі – Рұқсаттар – Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясы» бөлімінде қолжетімді.
Өздерін Ұлттық Банктің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыратын белгісіз адамдар маған қоңырау шалады. Олар алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізгені туралы хабарлайды. Менің банктік деректерімді ұсынуды және депозиттен аударым жасауды сұрайды. Оған қоса, кредиттік тарихыма, депозиттеріме, шоттарыма қатысты сұрақтар қояды.
Бұл – кеңінен таралған алаяқтық схемасы.
Бұл – кеңінен таралған алаяқтық схемасы.
Егер сізге алаяқтар қоңырау шалса, өзіңіздің шотыңыз, банктік деректемелеріңіз, депозиттеріңіз бен кредиттеріңіз, әсіресе кіріс SMS-хабарлардан алынған деректер және т.б. туралы ешқандай ақпарат бермеуіңізді сұраймыз. Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейтінін, жеке тұлғаларға азаматтардың шоттарымен алаяқтық әрекеттер жасау, дербес деректерді заңсыз пайдалану және екінші деңгейдегі банктердегі кредиттерді ресімдеу әрекеттері жөнінде қоңырау шалмайтынын қосымша хабарлаймыз. Ұлттық Банктегі шоттар тек Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің және заңды тұлғалардың шектеулі санының операцияларын есепке алу үшін ғана ашылады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, мұндай жағдай туындаған кезде жедел іс-қимылдар мен тексеру жұмысын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.
Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме/ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Базалық мөлшерлеме деңгейі, бұрын – ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы анықтама ҚР Ұлттық Банкі порталының «Электрондық анықтамалар» бөлімінде дербес қалыптастыру үшін қолжетімді.
Базалық мөлшерлеме деңгейі, бұрын – ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы анықтама ҚР Ұлттық Банкі порталының «Электрондық анықтамалар» бөлімінде дербес қалыптастыру үшін қолжетімді.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі» деген ұғым «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы
2 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес «базалық мөлшерлеме» деген ұғыммен ауыстырылғанына назар аударған жөн.