Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктегі талдау мен болжау жүйесі ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдау кезінде ақпараттық-талдаманы қамтамасыз ету мақсаттарына қолданылады.

Ақша-кредит саясатындағы шешімдер экономикадағы бүгінгі жағдайды талдауға және эконометрикалық модельдер арқылы алынған макрокөрсеткіштердің болжамдарына негізделген.

Жүйе экономиканың жай-күйін және даму перспективаларын бағалау мақсатында макроэкономикалық көрсеткіштердің қысқамерзімді және ортамерзімді болжамдарын әзірлеу процесін қамтиды.

Болжам жылына 4 рет жүзеге асырылады және ол статистикалық ақпараттың шығуына байланысты. Деректерді жаңартып, талдауды әзірлеу процесі – болжамды раунд деп аталады

Болжамды раундтың бастапқы деректері

  • ХВҚ мен басқа халықаралық ұйымдардың болжамдары, Consensus Economics, EIA және т.б.
  • басқа орталық банктердің талдаулары мен болжамдары
  • ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан ұлттық шоттардың, өнеркәсіптің, сауданың макроэкономикалық статистикасы, баға статистикасы және басқа да статистикалық ақпарат
  • Ұлттық Банктің ақша-кредит статистикасы
  • сыртқы экономикалық статистикалық ақпарат
  • экономикалық агенттерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі
  • ҚР Үкіметінің жоспарлары мен бағдарламалары

Болжамдарды әзірлеу

Қысқамерзімді болжау

Эконометрикалық әдістерді қолданатын қысқамерзімді болжам мыналарды қамтиды:

  • инфляция және оның компоненттерін болжау,
  • пайдалану және өндіру әдісімен ЖІӨ болжау,
  • сыртқы алғышарттар (мұнай, негізгі сауда-серіктес елдер, ФАО индексінің траекториясы).

Қысқамерзімді болжамдар 2-3 тоқсан бұрын әзірленеді.

Қысқамерзімді болжам эконометрикалық техникаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде: Қысқамерзімді болжам эконометрикалық техникаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде сызықтық трендпен авторегрессияны, дрифтпен кездейсоқ кезу моделін, үлестірілген артта қалушылығы бар факторлық авторегрессиялық модельді, BVAR моделін, байлам теңдеулері бар  ЖІӨ болжамын, динамикалық факторлық модельдерді Midas әдістемесін қамтитын айлық инфляцияның біріктірілген болжамы бар.

Алынған нәтижелер ортамерзімді болжауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Ортамерзімді болжау

Ортамерзімді болжамдар 4–6 тоқсан бұрын әзірленеді.

Ортамерзімді болжам тоқсандық болжау моделіне (ТБМ) негізделген. Мұнда модельдеу алшақтықтарды талдау негізінде жүзеге асырылады. Бұл Қазақстандағы экономикалық циклді бағалауға мүмкіндік береді.

ТБМ Қазақстандағы экономикасында құрылымның жеңілдетілген нұсқасы саналады. Модельдің барлық теңдеуі лог-сызықтық түрге ие. Өз кезегінде тұрақсыз модельдер алшақтық түрінде, яғни, ағымдағы мәндердің потенциалдық деңгейінен ауытқуы түрінде ұсынылады.

ТБМ 3 блоктан тұрады:

  1. инфляциялық процестер блогы
  2. шығарылым алшақтығы блогы
  3. ақша-кредит саясатының блогы

Модель инфляцияның болжамды деңгейі мен басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік бере отырып, ішкі және сыртқы экономикалық жағдайға байланысты Ұлттық Банкінің әлеуетті іс-қимылын талдауда артықшылыққа ие.

Болжамдарды әзірлеу кезіндегі негізгі алғышарттар сыртқы көрсеткіштер (ЖІӨ, инфляция мен Қазақстанның негізгі сауда серіктесі саналатын елдердің нақты тиімді валюта бағамы) мен мұнайдың әлемдік бағасы болып табылады. Оның негізінде экономиканы дамытудың сценарийлік нұсқалары айқындалады.

Осылайша, болжау жүйесі инфляцияның күтілетін деңгейін, экономиканың құрылымын және ЖІӨ өсуін ескере отырып, ортамерзімді перспективаға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Барлық эконометрикалық модель экономика құрылымындағы өзгерістерді, модельдеудің жаңа техникаларын ескере отырып үнемі жетілдіріліп отырады. Онда негізгі және қосымша модельдеу әдістері қолданылады..

Болжамды раундтар аясында дайындалған сценарийлік нұсқаларға сәйкес макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары ақша-кредит саясаты жөніндегі Комитетке ұсынылады.

Ұлттық Банк негізгі болжамды көрсеткіштерді базалық мөлшерлеме бойынша пресс-релизде жариялайды. Экономиканы дамытудың базалық және баламалы сценарийлері аясындағы болжамдар туралы толығырақ ақпарат ақша-кредит саясаты жөніндегі баяндамада қолжетімді.

Келесіні ұсынамыз:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде түпкілікті пайдалану әдісімен ЖІӨ-ні қысқа мерзімді болжау жүйесі

Жоғарыға