1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Макропруденциалдық саясатты қалыптастыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі:

  • қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
  • қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды және жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;
  • өз бетінше немесе өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, олардың құзыреті шеңберінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі Кеңестің қарауына шығарады;
  • жүйелік қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда өз бетінше немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп қаржы ұйымдарының банктік және басқа да операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге шектеулер енгізеді.

Жүйелік тәуекелдер - бұл барлық қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтыратын және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық қызметтер көрсетуді бұзу тәуекелі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тәуекелдерін де қамтиды.

Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары – бұл тұрақты жұмыс істеуіне, тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы тәуелді болатын қаржы ұйымдары.

Жоғарыға