Ұлттық Банк банкноталардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа серия «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын бейнелейді. Шығарылым теңгенің қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған.
Әлемдік практикада қолдан ақша жасауға жол бермес үшін әр 7-8 жыл сайын банкноталардың дизайны өзгеріп, жаңа түрі шығып тұрады. Жаңадан қорғаныш элементтері енгізіліп, банкнота дайындауда жаңа технологиялар қолданылады.
Осылайша, Ұлттық Банк әлемдік практикада бар жаңа қорғаныш элементтеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді. Бұл ұлттық валютаны жоғары деңгейде қорғауға және қолдан жасауға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк теңгені қорғау дәрежесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді: алдымен жаппай басып шығару кезінде өндіру мүмкіндігін бағалау үшін «үй банкноталары» шығарылады, сосын жаңа қорғаныш элементтері мерекелік және естелік банкноталарда сыналады. Содан кейін қорғау элементтерінің ішіндегі үздіктері сериялық банкноталарда пайдаланылады.
Банкноталарда көрсетілген жыл – банкноталардың дизайны бекітілген жылды білдіреді.
Президенттің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес қорғаудың қосымша элементтері банкноталардың дизайны мен дизайн бекітілген жылы ҚРҰБ Төрағасының қолы болып табылады.
Банкноталар екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және «Қазпошта» АҚ арқылы айналымға түседі. Аумақтық филиалдарға банкноталарда жеткізуге, ЕДБ-дан қолма-қол ақша және т.б. алуға өтінімдерге байланысты белгілі бір рәсімдер бар.
Теңгенің 30 жылдығына арналған мерекелік банкноталар және номиналы 5 000 теңгелік жаңа банкноталар 2023 жылғы желтоқсан айының соңында айналымға жіберіледі.
Банкноталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін Ұлттық валюта – теңге банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды.
Мерекелік банкнотада 19 қорғаныш элементі бар.
Монета бейнеленген банкнотаның бет және сырт жағының дизайны цифрлық технологияларды дамыту контекстінде «₸» теңге белгісі негізінде жобаланған. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өсуді, сондай-ақ ұлттық сәйкестік пен нақышты білдіреді.
Банкнотадағы монетаның бейнесі біртұтас дизайнда берілген және банкнота пен монета бірге Ұлттық валюта – теңгенің бірыңғай бейнесін білдіреді. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы ретінде «Мобиус лентасы» басылған.
Банкнотаның бет жағында жаңадан бөлінген облыстарды (осы облыстар жасырын қорғалған мөр әдісімен орындалған) қамтитын дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің алуан түрімен ресімделген өңірлері бар Қазақстан картасы бейнеленген, өңірлер банкнотаның көлбеу бұрышында А (Абай), Ж (Жетісу) және Ұ (Ұлытау) бас әріптерімен белгіленген.
Банкнотаның сырт жағында Қазақстан мемлекеттік шекарасының мызғымас күйін бейнелейтін картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры бейнеленген. Сондай-ақ күлгін түстен жасылға ауысу және «₸» теңге белгісінің бейнесін «30» санының бейнесіне ауысу әсері бар 5 мм магниттік қорғаныш жібі бар. Спарк элементі «₸» теңге белгісі түрінде қарақошқылдан жасылға ауысатын арнайы түсті ауыспалы бояумен жағылған.
Басым түс: көк-күлгін. Банкнотаның мөлшері 145х70 мм.
Банкноталардың таралымы – 3 млн дана.
Жаңа банкноталар сериясы түпкі бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерекшелігін, олардың шексіз аумақты алып жатқан табиғаты мен жануарлар әлемімен байланысын бейнелейтін сақ мәдениетіне арналған.
Көптеген бұйымдар бастапқы күйінде сақталған және ежелгі қорғандарды археологиялық қазу кезінде табылған. Жиі бейнеленетін жануарлардың бейнесі Қазақстанда бүгінгі күнге дейін мекендейді, сондай-ақ оларды қазақ халқы құрмет тұтады.
Банкнотаның бет жағында:
- көкте қалықтап ұшқан құс пен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, біздің дәуірімізге дейінгі (б.д.д.) 5-4 ғғ., Алтын адамның бас киімінің бір бөлшегі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- жәдігер – бүркіт фигурасы түріндегі безендіру (ҚорғанТалды II, ж.д. дейін 7-6 ғғ.; бүркіт шексіз еркіндіктің, күш пен ептіліктің символы ретінде);
- ДНҚ спиралы және ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы (адамның табиғатпен шексіз уақыт ағымындағы байланысы).
Банкнотаның сырт жағында:
- ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт (қорғаныс символы, әлемнің 4 құбыласы және шығармашылық шабыт);
- Шарын каньоны (табиғаттың бірегейлігі, сұлулығы) ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символына жазылған;
- жәдігер - қанаты кеңге жайылған бүркіттің бейнесі (Берел қорғандары «Патшалар Алқабы», б.д.д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы).
Қазақстан Ұлттық Банкі жыл сайын экономика үшін банкноталар мен монеталардың қажетті санына қажеттілікті (таралымдарды) айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық Банктің мамандары әлемдік практикада пайдаланылатын банкноталардың мөлшеріне талдау жүргізді. Оның нәтижелері банкноталардың азайтылған мөлшері қайта есептеу, сақтау және тасымалдау үшін ыңғайлы екенін көрсетті.
Бұл шара банкнота парағында банкноталарды көбірек орналастыру арқылы банкнота өндірісін жеделдетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жаңа банкноттық серия мынадай өлшемдерге ие:
500 теңге = 125х70 мм;
1 000 теңге = 130х70 мм;
2 000 теңге = 135х70 мм;
5 000 теңге = 140х70 мм;
10 000 теңге = 145х70 мм;
20 000 теңге = 150х70 мм.
Бірінші кезекте, банкноталар мөлшеріндегі айырмашылық. Ұлттық Банктің мамандары әлемдік практикада қолданылатын банкноталардың мөлшеріне талдау жүргізді, оның нәтижелері банкноталардың азайтылған мөлшері қайта есептеу, сақтау және тасымалдау үшін ыңғайлы екенін көрсетті.
Сондай-ақ банкноталардың қорғаныш кешені айтарлықтай қайта қаралды. Дизайнда банкноталарды дайындаудағы ең озық технологиялар ескерілді. Офсеттік және терең интаглио басып шығару сияқты банкноталарды қорғаудың дәстүрлі әдістерімен қатар ең жаңа қорғаныш элементтері пайдаланылды.
Барлық жаңа банкноталар қатарының бет жағында (вертикалдық композиция):
– «Өмір ағашы» («Алтын адамның» бас киімінің бөлшегі) деп аталатын ұшында қалықтап ұшқан құс бар символдық қасиетті бұтақ;
– «ДНҚ» спиралы түріндегі сәндік параметрлік форма қазіргі өмір салтының табиғатпен және тарихпен ажырамас бөлігі екенін білдіреді;
– сақ стилін бейнелейтін ежелгі қорғандардан алынған бірегей жәдігерлер табылған заттар арасынан әр номиналға жеке жануар арналды.
Сырт жағында (горизонталды композиция):
- банкнотаның ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегінің контуры – «шексіздік» орналасқан, оның ішінде Қазақстанның ландшафты түрлері орналасқан;
– Қазақстанда мекендейтін, ата-бабасы шабыт алған және қастерлеген жануар;
– негізгі сурет ретінде дөңгелек қазақ ою-өрнегі орналасқан. Ол бірден бірнеше идеяны біріктірді:
- «Қалқан» - құндылықтарды қорғауды білдіреді;
- ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы;
- ортасында шығармашылық энергияның және өмірдің символы ретінде күн белгісі бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы әлемнің басқа елдерінің ақша белгілері сияқты қорғаныш элементтерінің: халық үшін, касса қызметкерлері үшін және сарапшылар үшін тұтас кешенін қамтиды. Қорғаныш элементтері банкноталарды дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде: қағаз дайындауда, арнайы бояу дайындауда, арнайы басып шығаруды қолдануда енгізіледі.
Қазақстан банкноталарында халық оңай танитын қорғау дәрежелері болғанмен, оларды өндіру өте күрделі. Бұл – түсін өзгертетін бояу, түсін құбылтатын әсері бар жіптер, голограммалар, жоғары бедерлі бейнелер мен басқа да элементтер. Жалпы, біздің ұлттық валюта – Теңге әлемдегі ең қорғалған банкноталардың бірі болып табылады, бұл – банкнота өндірісі саласында халықаралық қоғамдастықтар мойындаған факт.
Банкноталарды шығаруға жұмсалған шығындарды басқа банкноталарға жұмсалған шығындармен салыстыруға болады. Банкноталар мен монеталарды шығаруға жұмсалған шығыстар Ұлттық Банктің сайтында жыл сайын жарияланатын шоғырландырылған жылдық қаржылық есепте көрсетіледі.
Ұлттық валюта – Теңге банкноталары 1993 жылдан бастап айналымға шығарылады;
- 1-ші серия 1993 жылғы «Портреттер» сериясы;
- 2-ші серия 1993 жылдан 2003 жыл аралығында шығарылған «Әл-Фараби» сериясы;
- 3-ші серия 2006 жылғы «Бәйтерек» сериясы;
- 4-ші серия 2011 жылдан 2022 жыл аралығында шығарылған «Қазақ Елі/Самұрық» сериясы;
- 5-ші серия 2023-2025 жылдар аралығында шығарылуы жоспарланған «Сақ стилі» сериясы.
«Сақ стилі» атты жаңа банкнота сериясының дизайнын Ұлттық Банктің бас дизайнері әзірледі. Дьёрд Алмаши, Ричард Карутц, Григорий Потанин, Самуил Дудин, Әлкей Марғұлан, Төлеу Басенов, Кемал Ақышев, Зейнолла Самашев, Виктор Зайберт, Қырым Алтынбеков сияқты қазақстандық және халықаралық ғалымдардың, археологтардың, антропологтардың, этнографтардың, суретшілер мен реставратордың және Қазақстанның тарихын, ою-өрнегі мен өнерін зерттеуге баға жетпес үлес қосқан басқа да көптеген көрнекті қайраткерлердің көп жылғы еңбектері мен материалдары зерделеніп, пайдаланылды.
Жаңа банкноталар сериясы сақ мәдениетіне, олардың кең байтақ даламыздың табиғаты мен жануарлар әлемімен байланысына арналған.
Көптеген бұйым бастапқы күйінде сақталған және ежелгі қорғандарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған. Жиі бейнеленетін жануарлардың бейнесі Қазақстанда осы күнге дейін мекендейді.
Сондықтан жаңа серияда әр номиналға Қазақстан аумағында қазіргі таңда да мекендейтін, қазба жұмыстары кезінде табылған жекелеген жануарлар арналады.
Номиналы 5 000 теңгелік банкнота үшін бүркіт шексіз еркіндік, күш пен ептілік символы ретінде айқындалды. Банкнотада бейнеленген жәдігерлер де осы құсты қастерлеп, оны аңшылық кәсібінде пайдаланған ата-бабалардың пайымын білдіреді.
Ұлттық Банк «Сақ стилі» жаңа сериясын айналымға кезең-кезеңімен:
- 5 000 теңгені - 2023 жылғы желтоқсанда;
- 10 000 теңгені - 2024 жылғы көктемде;
- 2 000 теңгені - 2024 жылғы жазда;
- 1 000 теңгені - 2024 жылдың күзде;
- 20 000 теңгені - 2025 жылы;
- 500 теңгені - 2025 жылы шығаруды жоспарлап отыр.
Жаңа дизайндағы банкноталар айналымға шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар біртіндеп айналымнан алынады. Бұл кезең халыққа еш әсер етпейді.
Сонымен қатар, Ұлттық Банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайтын болады.
Ұлттық Банк ескі және жаңа үлгідегі банкноталардың 1 жыл қатар айналым кезеңін бекітеді. Ол қажеттілігіне қарай ұзартылуы мүмкін. Қатар айналым кезеңінде ескі және жаңа банкноталар заңды төлем құралы болып табылады. Олар барлық төлем мен аударымдар бойынша қабылданады. Олар Ұлттық Банктің, «Қазпошта» АҚ мен ЕДБ-нің барлық филиалдарында шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банк пен «Қазпошта» АҚ тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайтын болады. Осы 3 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің филиалдары ескі дизайн банкноталарын мерзімсіз айырбастауды жалғастырады!
Иә, болады.
Алайда, жаңа банкноталардың жаңартылған дизайны мен инновациялық қорғаныш элементтері болуына байланысты ЕДБ және бизнес субъектілері банкноталарды қабылдау мен берудің автоматты құрылғыларын бейімдеу үшін белгілі бір уақытты (2 айдан 6 айға дейін) қажет етеді.