1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – Ұлттық қор табысынан әр балаға қаражат жинауды көздейтін жоба.

Осы бөлімде балалардың атына жиналып жатқан қаражат туралы мәліметтер жарияланып тұрады.

Нақтырақ айтқанда, мынадай деректер бар:

  • нысаналы талаптар – әр балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысынан бөлінетін сома;
  • инвестициялық табыс – бұған дейін жиналған қаражатпен инвестициялық іс-әрекеттен түскен табыс, төлемдер шегеріліп есептеледі;
  • «БЖЗҚ» АҚ операторына аударылатын қаражат – 18 жасқа толған жастарға төлеу үшін жіберілген қаржы;
  • жиналған жалпы сома – төлемдер шегерілгеннен кейін балалардың атына жиналған барлық қаражат.

Мәліметтер жыл сайын жаңартылып отырады.

Кезеңі Ұлттық қор - балаларға
Есептелген нысаналы талаптар* Төлемдерді шегергендегі алдыңғы кезеңдердің нысаналы талаптарына есептелген инвестициялық кіріс 18 жасқа толған тұлғаларға төлеу үшін "БЖЗҚ" АҚ операторына аударым Төлемдерді шегергендегі нысаналы талаптардың жиынтық сомасы*
млн АҚШ доллары
2024 696   31 665
2025 889 20 76 1 498
2026 902 44 133 2 311

*Нысаналы талаптар. ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 62-2) тармақшасына сәйкес нысаналы талаптар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы 18 (он сегіз) жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы 18 (он сегіз) жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жыл сайын қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері. 

** Бұл кестеде есепті жылы барлық балалардың шоттарына есептелген Ұлттық қордан ақша сомасы туралы ақпарат бар (есептелген нысаналы талаптар). Сондай-ақ, есепті жылы нақты төлеу үшін БЖЗҚ-ға аударылған қаражаттың мөлшері ашылады. 18 жасқа толған тұлғаларға нысаналы талаптарды есептеу және төлемдерді жүзеге асыру ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.

Жоғарыға