1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру аясында төлем жүйелерінің тізілімін жүргізеді. Бұл тізілім Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында үнемі жаңартылып отырады.

Төлем жүйелері тізілімде келесі түрлерге бөлінген: жүйелік маңызы бар, маңызды және басқа төлем жүйелері. Маңыздылық критерийлері «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленіп, Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 222 қаулысымен бекітілген.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жүйелік маңызы бар. Оның жұмысын ҚҰБ Ұлттық төлем корпорациясы қамтамасыз етеді. БААЖ арқылы валюта нарығына, бағалы қағаздар нарығына, банк секторына қатысушылар төлемдерінің 97%-дан астамы жүргізіледі.

ҚҰБ тізілімінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша, банкаралық клиринг жүйесі маңызды төлем жүйелеріне жатқызылды. Бұл жүйе БААЖ-ды қоспағанда, нарықтағы төлемдер көлемінен 41%-дан астамына қызмет көрсетеді.

Маңызды төлем жүйелеріне Visa халықаралық карточкалық төлем жүйеcі де жатқызылды.

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының 7 жүйесі жұмыс істейді, олардың біреуі маңызды төлем жүйелеріне жатқызылған.

34.95 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға