1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹8 30/04/2026

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша электрондық ақшаны эмиссиялауды 8 банк және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды. Қазақстан аумағында жұмыс істейтін 40 электрондық ақша жүйесінің 36-сының операторлары төлем ұйымдары болып табылады.

Қазақстандық электрондық ақша эмитенттері 2026 жылдың бірінші тоқсаны ішінде 234,1 млрд теңге сомасына электрондық ақша шығарды (эмиссиялады). Ашылған электрондық әмияндар саны 49 млн-нан асты.

2026 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан аумағында қазақстандық эмитенттер шығарған электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүргізілген операциялар көлемі 43,5 млн транзакцияны құрап, жалпы сомасы 275,2 млрд теңге болды (2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда операциялар саны 31,4%-ға, ал сомасы 17,7%-ға төмендеді).

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша электрондық ақшаны пайдалану арқылы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың пайдасына жүргізілген операциялар көлемі 255,1 млрд теңгені құрады (2025 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда 13,7%-ға төмендеу), ал жеке тұлғалардың пайдасына – 20,0 млрд теңге (2,2 есе өсім).

Кесте 1

Көрсеткіштер

01.01.2026

01.04.2026

Электрондық ақша шығару (операциялар саны)

1 453 641

2 140 647

Электрондық ақша шығару, көлемі (млн. теңге)

279 329,8

234 160,8

Айналыстағы электрондық ақша (млн. теңге)

46 004,7

40 789,7

Электрондық әмияндар саны

52 181 423

49 786 716

Электрондық ақша эмитенттерінің агенттерінің саны

134

141

Электрондық ақша эмитенттерінің субагенттерінің саны

9 934

9 912

ЭД-мен операциялар саны (мыңмен), оның ішінде:

57 365,2

43 472,3

Жеке тұлғалардың пайдасына

649,4

877,6

ЖК және заңды тұлғалардың пайдасына

56 715,8

42 594,6

ЭД-мен операциялар көлемі (млн. теңге), оның ішінде:

304 577,5

275 189,0

Жеке тұлғалардың пайдасына

8 950,4

20 076,0

ЖК және заңды тұлғалардың пайдасына

295 627,1

255 112,9

 

 

Жоғарыға