Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Базалық мөлшерлеме – ақша-кредит саясатын жүргізетін Ұлттық Банктің негізгі құралы. Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме деңгейін белгілей отырып, ортамерзімді кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін банкаралық қысқамерзімді мөлшерлеменің мақсатты мәнін айқындайды.

Базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді АКС комитеті бекітілген шешім қабылдау кестесіне сәйкес жылына 8 рет қабылдайды.

Банкаралық қысқамерзімді ставканың мақсатты мәнін сипаттайтын операция бағдары – TONIA индикаторы. Ол – Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында бір жұмыс күні ішінде жасалған РЕПО ашу мәмілелері бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлеме мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Мысалы, жоғары базалық мөлшерлеме ақша нарығындағы пайыздық ставканың өсуіне, содан кейін қаржы нарығындағы қаражаттың қымбаттауына әкеледі. Бұл өз кезегінде халық пен кәсіпорындардың тұтыну мен үнемдеудегі шешіміне әсер етеді. Барынша аз тұтыну мен көбірек үнемдеу – инфляцияны тежейтін құбылыс. Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме жоғарылаған кезде ұлттық валюта да нығая түседі.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ортамерзімді кезеңдегі инфляцияға, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, 12–18 ай ішінде әсер етеді, ал қысқамерзімді кезеңде оның әсері шектеулі болады.

Жоғарыға