1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

1. Қаржылық ашықтық көрсеткіштері 

FKRSU индексі: Fernández, Klein, Rebucci, Schindler and Uribe (де-юре)

Индекс AREAER есебінің мәтініне кодтарды енгізуге негізделген.
FKRSU индексінің авторлары сандық мәліметтерді құру үшін AREAER есебі мәтінінің мазмұнына код беру үшін қолданылатын ережелер жиынтығын жасады.

Деректер жиынтығы активтердің 10 санатынан, ақша нарығындағы құралдардан, борыштық бағалы қағаздардан, үлестік бағалы қағаздардан, ұжымдық инвестициялық бағалы қағаздардан, қаржылай қарыздардан, деривативтерден, коммерциялық кредиттерден, кепілдіктерден, жылжымайтын мүлікпен жасалған операциялардан және тікелей инвестициялардан тұрады.

FKRSU индексі активтердің жалпы шектеулерінің (ka), әкелу шектеулерінің (kai) және әкету шектеулерінің (kao) орташа мәндерінің индекстерінен тұрады.

1-ге жақын индекс мәні шектеуді, ал 0 шектеудің жоқтығын білдіреді.

Қазақстанның FKRSU индексі капиталдың әкелінуіне (kai) шектеулердің жоқтығын көрсетеді.

Дереккөзі: Fernandez, Klein, Rebucci, Schindler and Uribe (2015) http://www.columbia.edu/~mu2166/fkrsu/

 

Chinn and Ito индексі (де-юре)

Chinn-Ito индексі елде капиталмен операциялар шотының ашықтық дәрежесін өлшеуге мүмкіндік береді.
Индекс AREAER есебінің трансшекаралық қаржы операцияларына шектеулердің жиынтық кестесін жүйелейтін жалған айнымалыларға негізделген.
Бұл айнымалылар:
- бірнеше валюта бағамының (k1)
- ағымдағы халықаралық операцияларға шектеулердің (k2)
- капиталмен операциялар шоты бойынша көрсетілетін операцияларға шектеулердің (k3)
- экспорттық кірісті міндетті сатуға қойылатын талаптардың (k4)
бар екенін көрсетеді.

1-мән шектеудің жоқ екенін, ал 0 мәні шектеудің жоқ екенін көрсетеді.

Дереккөзі: Menzie D. Chinn, Hiro Ito (2007)
http://web.pdx.edu/~ito/Chinn-Ito_website.htm

 
 

Lane and Milesi-Ferretti (LMF) индексі (де-факто)

Қаржылық интеграция индексі тікелей инвестициялар (активтер), капиталға қатысудың портфельдік құралдары (активтер), тікелей инвестициялар (міндеттемелер) және капиталға қатысудың портфельдік құралдары (міндеттемелер) сомасының ІЖӨ-ге арақатынасы ретінде есептеледі.

Индексінің мәні неғұрлым жоғары болса, қаржылық интеграция дәрежесі соғұрлым жоғары болады.

ЕАЭО елдерімен салыстырғанда Қазақстанның LMF индексі қаржылық тұрғыдан айтарлықтай интеграцияланған.

Дереккөзі: http://data.imf.org/regular.aspx?key=61545851
ҚРҰБ есептеулері: LMF индикатордың мәліметтері

 

2. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

Дүние жүзілік экономикалық форум бәсекеге қабілеттілікті елдің және оның институттарының экономиканың тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету қабілеті ретінде айқындайды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБИ) халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшылары пікіртерімінің нәтижелері негізінде алынған 103 көрсеткіш негізінде есептеледі.

Индикаторлар 12 санатқа бөлінген (pillar): институттар, инфрақұрылым, макроэкономикалық тұрақтылық, технологиялық дамуы, денсаулық сақтау, жоғары білім және кәсіби дайындық, тауарлар нарығыны, еңбек нарығыны, қаржы жүйесі, нарықтың көлемі, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі, инновациялық әлеуеті.

2019 жылғы Жаһандық Бәсекеге Қабілеттілік туралы Есеп негізінде нәтижелері бойынша Қазақстан рейтингін 4 тармаққа жақсартып, 55-орынға (141-ден) ие болды.

Дереккөзі: www.weforum.org

 
Жоғарыға