1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары

Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдар немесе уәкілетті банктер жүзеге асырады.

Уәкілетті ұйымдар - банктер болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары. Уәкілетті ұйымға лицензия және (немесе) оған қосымша беру Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Лицензияға қосымша әрбір айырбастау пунктіне жеке беріледі.

Уәкілетті банктердің айырбастау пункттері хабарлау тәртібімен ашылады

Уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі, оларға қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлауы, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған тазартылған құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың есеп беру нысандары мен мерзімдері Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

32.5 Кб
Жарияланған күні:
29.5 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға