Бірінші бөлімде Отырар, Тараз, Барысхан, Сарайшық қазбаларынан Ұлы Жібек жолы бойымен айналымда болған ақша белгілері ұсынылған.
Екінші бөлімге - революцияға дейінгі Ресей кезеңіне – бұл кезеңнің ақша белгілері ғана емес, сонымен қатар сол кезеңнің құжаттары ұсынылған музейдің бірнеше витриналары арналған.
Кеңес өкіметінің әр жылдарында шығарылған банкноттар: 15, 30, 60 рубль номиналындағы банкнот, 1 миллиард рубль номиналындағы банкнот, Хорезм Республикасының жібек ақшасы, Верный қаласының «апиын ақшасы» және т.б. ұсынылған үшінші бөлім үлкен қызығушылық тудырады.
Төртінші бөлім екі бөліктен тұрады: Қазақстан теңге сарайының және Банкнот фабрикасының өнімдері.
Ұлттық валюта – теңге экспозициясын білдіретін витриналарда әртүрлі металдардан (алтын, күміс, нейзильбер, нибрасс және т.б.) жасалған монеталардың ең үлкен коллекциясы ғана емес, Қазақстан Республикасының жоғары наградалары да бар. Бұл коллекцияда халықаралық көрмелерде жүлде алған естелік монеталар да ұсынылған. Бұл, мысал үшін «Регельдің қызғалдағы» , «Шабандоз» , «Ғарыш» , «Шынғыс хан» , «Диадема сынығы» , «Жолбарыс», «Аттила» теңгелері. Салмағы 2 кг-ға дейін жететін алтын және күміс коллекциялық монеталар әр тұрлі Еліміздегі тарихи оқиғаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің музейінен көруге болады.
Музейдің орталық бөлігінде тәуелсіз Қазақстанның символы «Алтын Адам» – макетімен безендірілген.
Музей мекенжайы: Алматы, Панфилов көшесі, 98.
(Ұлттық Банк Алматы қалалық филиалының ғимаратында)
е-mail: Af_80@nationalbank.kz
+7(727)261-25-70 (музей меңгерушісі)
Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30
Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Қазақтан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы (бұдан әрі – Филиал) 2026 жылғы 27 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі музейінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Филиалдың әкімшілік ғимаратын қайта құрылымдау жұмыстары кезеңінде Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көш. 98 мекенжайында орналасқан музей жабық болады.