1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сұрақтар 414 сұрақ

Егер ұлттық валютаны қабылдамай, ұсақтамай немесе айырбастаудан бас тартса,  не істеу керек?

Санат: Ұлттық валюта

Егер заңды төлем құралы болып саналатын ұлттық валютадағы банкнотты немесе тиынды қабылдаудан, айырбастаудан және ұсақтаудан бас тартса, онда мәселені анықтап, тиісті шара қолдану үшін Ұлттық Банктің ең жақын орналасқан филиалына жүгініңіз. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері туралы ақпаратты біздің сайттан таба аласыз.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 206-бабына сәйкес, ұлттық валютаның айналымдағы банкноты мен тиынын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, кәсіпкерлік субьектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 5-25 айлық есептік көрсеткіш аралығында әкімшілік айыппұл салынады. Екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүргізетін ұйымдарға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Ұлттық валютаны қай жерлерден айырбастап, ұсақтап алуға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Ұлттық валютадағы банкноттар мен тиындарды кассада бар-жоғына қарай, бүкіл ЕДБ, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері мен Ұлттық Банк филиалдарынан айырбастап, ұсақтап алуға болады. Қолма-қол ақшаны ұсақтау үшін алынатын комиссияның минималды сомасы мен көлемін банктер мен «Қазпошта» АҚ өздері бекітеді. Ұлттық Банктің филиалдарында бұл қызмет түрі тегін.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мекен-жайы туралы ақпарат пен байланыс деректерін ҚҰБ сайтынан таба аласыздар.

Айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастап алуға бола ма?

Санат: Ұлттық валюта

Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің кез келген филиалынан еш кедергісіз қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастап алуға болады. Біздің филиалдардың мекен-жайы мен байланыс деректері  ҚҰБ сайтында жазылған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары (терминалдар, банкоматтар) арқылы 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттармен операция жасауға (шотты толтыру, төлем жасау) бола ма?

Санат: Ұлттық валюта

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігі олардың Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілеті болып табылады.

Қатар айналыста болатын кезеңнің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болуын тоқтатты.

Осылайша, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының («Қазпочта» АҚ) өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары заңды төлем құралы болу күшін жоғалтқан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдамауға тиіс.

Егер екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан және айырбастаудан бас тартса, не істеу керек?

Санат: Ұлттық валюта

Егер екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан және ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастаудан бас тартса, бұдан былайғы мән-жайларды анықтау және тиісті шараларды қолдану үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мекенжайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтынан табуға болады (https://nationalbank.kz/kz/page/territorialnye-filialy)

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қайдан айырбастауға болады?

Санат: Ұлттық валюта

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында («Қазпочта» АҚ) және Ұлттық Банктің филиалдарында айырбастауға болады.

Екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2021 жылғы 10 маусымға дейін (қоса алғанда), Ұлттық Банктің филиалдары 2024 жылғы 10 маусымға дейін (қоса алғанда) осы банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.

Ұлттық валюта айырбастауды қайда жүзеге асыруға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары шектеусіз барлық екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық почта операторында ("Қазпошта" АҚ) және Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады. Қолма-қол ақшаны айырбастау операциялары үшін комиссияның ең төменгі сомасы мен мөлшерін екінші деңгейдегі банктер дербес белгілейді.

Ұлттық Банктің филиалдарында банкноттар мен монеталарды айырбастау және ұсақтау қандай да бір номиналдың бар болуына қарай тегін жүзеге асырылады және арнайы өтініштерді талап етпейді.

Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банк сайтынан табуға болады (https://nationalbank.kz/?docid=181&switch=kazakh).

2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттардың айырбастау кезеңі

Санат: Ұлттық валюта

2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысына сәйкес номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылғы 1 наурыздан бастап төлем құралы болуын тоқтатты. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2021 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады

2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айырбастау кезеңі

Санат: Ұлттық валюта

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталды.

Ұлттық валютаны қабылдаудан, айырудан және айырбастаудан бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Санат: Ұлттық валюта

Заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдау, ұсақтау және айырбастаудан бас тартқан жағдайда, Сіз жақын орналасқан Ұлттық Банктің филиалына одан әрі мән-жайларын анықтау және тиісті шараларды қолдану үшін хабарласа аласыз. Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банк сайтынан табуға болады (https://nationalbank.kz/?docid=181&switch=kazakh).

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту – ескерту жасауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5-25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банктердің, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы – 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыға