1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сұрақтар 414 сұрақ

Тазартылған алтын құймалардың құны?

Санат: Ұлттық валюта

Алтын құймалардың бағасын екінші деңгейлі банктер мен уәкілетті органдар (банктік емес айырбастау пунктері) өздері бекітеді. Құймалардың бағасын банкттердің сайтынан білуге болады («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «First Heartland Jysan Bank» АҚ, «Банк ЦенрКредит» АҚ және банктік емес жекелеген айырбастау пунктері).

Тазартылған өлшемді алтын құймаларын қайдан сатып алуға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Тазартылған алтын құймаларды екінші деңгейлі банктерден («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «First Heartland Jysan Bank» АҚ, «Банк ЦенрКредит» АҚ) және банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алуға болады. Ұйымдардың тізімін Ұлттық Банктің филиалдарынан біле аласыз. Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері сайтымызға жазылған.

Монета «proof» сапасында жасалды дегеніміз қандай мағына береді?

Санат: Ұлттық валюта

«Proof» сапасы – монета соққан кезде айнадай жылтыр беті жасалатын  ерекше технология. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1999 жылдан бері «proof» сапасында бағалы металлдардан коллекциялық монеталар шығарып келеді.

Бұрын сатып алған коллекциялық монетаны Қазақстанның Ұлттық Банкіне қайтарып беруге бола ма, болатын болса, қалай қайтару керек?

Санат: Ұлттық валюта

Коллекциялық монеталар бағалы металлдардан (алтын мен күміс) және бағалы емес металлдардан (мельхиор мен никель күмісінен) санаулы тиражда дайындалады. Олар коллекция ретінде жинап, нумизматикалық (екінші) нарықты дамытуға арналған, екінші нарықта олардың сұранысы тиражына, тақырыбына, дизайнына, дайындалған сапасына және қолданылған технологияның жаңалығына байланысты болады.

Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғалардан тек Ұлттық Банк шығарған коллекциялық монеталарды сатып алады. Басқа мемлекеттердің коллекциялық монеталары қабылданбайды.

Бағалы емес металлдан жасалған коллекциялық монетаны сатып алған кезде клиентке оның номиналды құны төленеді. Бағалы металлдардан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алған жағдайда, таза бағалы металл екенін, оның құймасы мен граммен өлшенетін салмағын анықтау үшін сараптама жасалады.

Бағалы металлдардан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алған кезде оның бағасы таңғы фиксинг (АҚШ долларымен есептегендегі тиісті бағалы металл бағасы) пен АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орта биржалық бағамы ескеріліп есептеледі. АҚШ долларына шаққандағы бағалы металлдардың бағасын www.lbma.org.uk сайтынан көруге болады.

Егер бағалы металлдардан жасалған коллекциялық монетаны сатып алу бағасы монетадағы таза металл құрамының (құймасы мен салмағы көрсетілген) құны бойынша Ұлттық Банк Директорлар кеңесі бекіткен сату бағасынан асып кетсе, онда клиентке монетаның әуел бастағы сатылған бағасы төленеді.

Монетаны интернет-дүкеннен қалай сатып алуға болады? 

Санат: Ұлттық валюта

1. KAZCOINS.NATIONALBANK.KZ САЙТЫНА ТІРКЕЛІҢІЗ

  • Тіркелу үшін ТАЖ, ЖСН, телефон нөмірін, жеткізетін мекен-жайды жазу керек.
  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құпия сөз қауіпсіздік саясатына сай болуы керек: кемінде 8 символ (бір бас әріп, сандар, латын әліппиімен жазылған арнайы символдар).

  • Авторизациядан өту керек.

2. ӨЗІҢІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН МОНЕТАНЫ ТАҢДАП, ТӨЛЕМ ЖАСАУ КЕРЕК

  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуға болатын монеталардың саны шектеулі.
  • Төлем жасар алдында төлем картаңыздың интернет-транзакция бойынша шектеуі жоқ екеніне көз жеткізіңіз (төлем жасауға қажетті қаражат барын тексеріңіз).
  • Мекен-жайыңыздың дұрыс екеніне көз жеткізген соң, тауардың ақшасын төлеу керек (осы кезеңде мекен-жайды ауыстыра аласыз).
  • Сайт әкімшісі тапсырысты мақұлдағанын «Менің тапсырыстарым» бөліміне кіріп біле аласыз (өтініш 2 жұмыс күні ішінде мақұлданады).

3. ТАПСЫРЫСТЫ АЛУ

  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Төлем тарифі аймаққа байланысты өзгереді (жеткізетін мекен-жайға байланысты).

Коллекциялық монеталарды қайдан алуға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Коронавирус инфекциясының көптеп таралуына байланысты 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап коллекциялық монеталар ілкі жоба ретінде Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Қазір біз интернет-дүкенді жетілдіріп, монеталарды сатудың басқа да баламалы жолдарын қарастырып жатырмыз.

Қандай банкноттар төлемге жарамсыз болып саналады?

Санат: Ұлттық валюта

Өз көлемінің 50% (елу) және одан да көп процентін жоғалтқан, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «МУЛЯЖ» деген жазулары бар, сондай-ақ, жалған ақшаның фрагменттері бар, желім және (немесе) жабысатын лентаның ізі қалған банкноттар төлемге жарамсыз болып саналады.

ҚР-ның айналымнан шыққан банкноттарын қайда және қалай айырбастап алуға болады?

Санат: Ұлттық валюта

2021 жылдың 12 маусымынан бастап Ұлттық Банктің филиалдарында  2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан  банкноттар мерзімсіз айырбасталады. Айналымнан шыққан номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды шексіз мерзімде Ұлттық Банктің барлық филиалынан айырбастап алуға болады. Біздің филиалдардың мекен-жайы мен байланыс деректері ҚҰБ сайтында жазылған.

Айта кетейік, жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай бойы ескі банкнот пен жаңа банкнот қолданыста қатар жүреді. Ескі үлгідегі банкнот сияқты жаңа үлгідегі банкнот заңды төлем құралы болып саналады және олардың бәрін бір жыл бойы барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін 3 жыл ішінде оны Ұлттық Банктің филиалдарынан, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелері мен «Қазпошта» АҚ кеңселерінен айырбастап алуға болады.

Жыртылған, ескірген, жарамдылығы күмән тудыратын банкноттарды қай жерде және қалай айырбастауға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Көп бүлінбеген (банкноттың шын ақша екенін анықтауға мүмкіндік бар болса), өз көлемінің 70% (жетпіс процентін), номиналды көрсете алатындай белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтап қалған болса, ескі екеніне қарамастан, ондай банкноттар Ұлттық Банк филиалдарында міндетті түрде айырбасталады. Оларды, сондай-ақ кез келген ЕДБ мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен айырбастап алуға болады.

Көлемінің 50% (елу процентінен) астамын сақтап қалған, бүлінген, банкноттың шын ақша екенін анықтауда қиындық тудыратын күмәнді банкноттар да ЕДБ мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қабылданады. Бұндай ақша белгілерінің түпнұсқа екенін тексеріп, айырбастап беру мүмкіндігін қарастыру үшін Ұлттық Банк филиалдарына сараптамаға жіберіледі.

Сондай-ақ, күмәнді банкноттарды Ұлттық Банктің бүкіл филиалынан айырбастап алуға болады. Сараптама түпнұсқа деп тапқан банкноттар айырбастауға жатады және айрыбастап алғаныңыз үшін қосымша ақша төленбейді. Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері біздің сайтымызда жазылған.

Ұлттық валютадағы естелік банкноттарды қабылдамай, ұсақтамай және айырбастамай қойса, не істеу керек?

Санат: Ұлттық валюта

Естелік банкноттар да – заңды төлем құралы саналады. Олар ескірген кезіне қарай айналымнан жойылып отырады. Оларды барлық төлем түрлері, банктік операциялар мен аударымдар бойынша қабылдауға міндетті. Бұл банкноттарды барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелері шектеусіз ұсақтап, айырбастауы керек.

Бұндай банкноттар мен тиындарды қабылдап, ұсақтап немесе айырбастап беруден бас тартқаны үшін де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Егер Сіздің осындай ақшаңызды қабылдаудан бас тартса, тиісті шара қолдану үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына жүгініңіз. Мүмкіндік болса, жағдайды бейнетаспаға түсіріп, болмаса, банкнотты не себепті қабылдамағаны үшін жазбаша түсініктеме талап етіңіз.

Естелік банкноттардың толық тізімі, сондай-ақ, Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері туралы ақпарат ҚҰБ сайтында жазылған.

Жоғарыға