1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйымы болып табылады. Оның құрылғандығы туралы Шанхайда (ҚХР) 2001 жылғы 15 маусымда жарияланды.

ШЫҰ негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • қатысушы елдер арасында өзара сенімділік пен ынтымақты көрші болуды нығайту
  • олардың саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салаларда, сондай-ақ білім беру, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау және басқа салаларда тиімді ынтымақтастығына жәрдем ету
  • аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты бірлесе отырып қамтамасыз ету және қолдау
  • демократиялық, әділ және орынды жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіп құруды ілгерілету.

ШЫҰ-да шешімдерін қабылдайтын жоғарғы орган – ШЫҰ Мемлекет басшыларының кеңесі (МБК). МБК отырысы жылына бір рет өтеді.

ШЫҰ-ға үкіметтері басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысы ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастықтың стратегиясы және басым бағыттарын талқылау, экономикалық және өзге ынтымақтастықтың қағидаттарын және маңызды мәселелерін шешу үшін жылына бір рет өткізіледі, сондай-ақ ұйымның алдағы жылға бюджетін бекітеді.

МБК мен ҮБК отырыстарымен қатар парламент басшылары, қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, сыртқы істер, қорғаныс, төтенше жағдай, экономика, көлік, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау министрлері, құқық қорғау ведомстволарының, жоғары және төрелік соттар, бас прокурорлар деңгейінде кездесулер өткізіледі.

ШЫҰ шеңберінде үйлестіру тетігі ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестіру кеңесі (ҰҮК) қызмет етеді. Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін екі органы бар - Пекин қаласындағы (ҚХР) Хатшылық, Ташкент қаласындағы (Өзбекстан) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның атқару комитеті.

ШЫҰ Даму қорын және Даму банкін құру туралы ақпарат

ШЫҰ Даму қорын құру туралы шешім ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің 2004 жылғы 17 маусымда Ташкентте өткен (Ташкент декларациясы) отырысында қабылданды.

2004 жылдан бастап ҚРҰБ ШЫҰ Даму қорын қалыптастыру тәртібі және жұмыс істеу қағидаттары туралы ұсыныстар дайындау жөніндегі Сарапшылар деңгейіндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысады, оның барысында ШЫҰ Даму қорын (ШЫҰ арнайы шотын) және ШЫҰ Даму банкін құру туралы мәселе пысықталады. 

Қазіргі уақытта ШЫҰ Даму қоры (ШЫҰ арнайы шотын) мен ШҰЫ Даму банкін қалыптастыру тәртібі және қызметінің жалпы қағидаттарын әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара есептесулердегі ұлттық валюталар үлесін біртіндеп ұлғайту жөніндегі Жол картасының жобасы

Өзара есептеулерде ұлттық валюталардың үлесін ұлғайту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жол картасының жобасы Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша әзірленді (2018 жылғы маусымда Циндао қаласында ШЫҰ саммиті).

Жол картасының жобасында ШЫҰ елдерінің ұлттық қаржы нарықтарын дамытуға, ұлттық валюталардағы өтімділікті арттыруға, банкаралық ынтымақтастықты дамытуға, екі кезеңді процесс шеңберінде (2022-2023 және 2024-2025 жылдар кезеңінде) валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдарын құруға, сондай-ақ ұлттық валюталарда есеп айырысуларды ынталандыру (2022-2025 жылдар) шараларына ықпал ететін

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында есеп айырысу жүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдай жасау көзделген.

Жол картасының жобасында икемді ережелер көзделген және тараптардың заңды және өзге де міндеттемелерінің туындауын болжамайтын ШЫҰ кеңістігінде көпжақты тәртіппен ұлттық валюталардың үлесін ұлғайту үшін тиісті жағдайлар жасауға және есеп айырысу-клирингтік тетікті пысықтауға елдердің әзірлігі көрсетілген.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында өзара есеп айырысуларды дамыту мәселелері бойынша 6 сарапшылық кездесу өтті. Отырыстарға мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің, қаржы және сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Жоғарыға