1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Вагапов Данияр Валерьевич

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.

1977 жылғы 6 маусымда Алматы қаласында туылды.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Д.В. Вагапов еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама, заңнаманы кодификациялау және жүйелеу басқармасы құқықтық сараптама бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.

1999 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Заң департаментінің Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнаманы талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2000 – 2001 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жалпы білім басқармасы құқықтық сараптама бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2001 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты лауазымын атқарды.

2002 – 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2003 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеді.

2006 – 2007 жылдар аралығындағы кезеңде коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2008 жылы Қазақстан Республикасының Парламентінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілдігі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2008 - 2013 жылғы қыркүйекте «Нұр-Отан» ХДП» Заң басқармасының бастығы, Орталық аппарат басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.  

2013 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігі Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2014 жылғы тамыз – 2018 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылғы мамыр – 2020 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 26 маусымдағы өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Кұрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» Қазақстан Республикасы медалімен және «Астана», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Жоғарыға