1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№4 Баспасөз релизі. Монеталардың үздік бейнесіне арналған «Жеңіс монетасын жаса!» жалпы республикалық конкурсының нәтижесі туралы

Нәтижесінде конкурстық комиссияның мүшелері үш номинацияда жеңімпаздарды анықтады:

- «Үздік идеялық шешім» – Есергепов Тохнур Рамазанович (Нұр-Сұлтан қ.);

- «Ерекше тұжырымдама» – Ерещенко Артур Романович (Алматы қ.);

- «Үздік көркемдік безендіру» – Балалар шығармашылық үйі (Қостанай қ.).

Конкурстың жеңімпаздарына: кәдесыйлық қаптамадағы монета, монета салынған блистер және Ұлттық Банк Төрағасы қол қойған диплом берілетін болады.

Белсенді қатысқаны және шығармашылық бастама көрсеткені үшін Никифоров атындағы Көркемөнер мектебінің (Қостанай қ.), қалалық көркемөнер мектебінің (Қызылорда қ.) және Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектебінің (Қапшағай қ.) ұжымдарына алғыс хаттар беріледі.

Қазіргі кезде Жеңістің 75 жылдығына арналған коллекциялық монетаның соңғы дизайнын әзірлеу жұмысы жүргізілуде. Оған конкурс жеңімпаздары дизайнының элементтері енгізіледі, сол сияқты басқа қатысушылардың кейбір идеялары да ескеріледі. Осылайша, «Жеңіске 75 жыл» монетасының соңғы нұсқасында бүкіл ел тұрғындарының барынша жарқын графикалық идеялары қамтылатын болады.

«Ұлы Отан соғысы біздің еліміздің тарихында өшпес із қалдырды, ол ешбір отбасын айналып өткен жоқ. Монетаның дизайнында барлық қатысушылардың эмоциялық бояуы мен сезімін берсе, көңілге қонымды болары сөзсіз. Біз өз туындысын жіберген адамдардың барлығына, әсіресе балалардың қосқан үлесіне, еңбегі мен талпынысына ризашылығымызды білдіргіміз келеді», – деді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Жеңімпаздарды марапаттау 2020 жылғы 5 мамырдан кешіктірілмей өткізіледі.

Жоғарыға