1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№34 Баспасөз релизі. Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев инновациялық қаржы технологияларының FINOPOLIS 2019 форумында сөз сөйледі

Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев Сочиде FINOPOLIS 2019 инновациялық қаржы технологияларының V Форумына қатысты. 

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай орталық банктерінің басшылары, Ресей коммерциялық банктерінің басшылары, сондай-ақ әлемнің ірі қаржы техникалық компанияларының өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылар көлемді деректерді талдау, машинамен оқытудың жаһандық үрдістері және цифрлық қаржы құралдарының пайдаланылуы туралы деректерді ұсынды.

Бірінші пленарлық пікірталас шеңберіндегі сөйлеген сөзінде Ерболат Досаев қаржы ұйымдарын реттеудің тәуекелге бағдарланған тәсілінің енгізілгені жайында айтып берді.

«Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарын тәуекелге бағдарланған реттеу мен қадағалауға көшті. Қаржы нарығының неғұрлым негізгі сегменті ретінде ол тәсіл, ең алдымен, банк секторына қатысты қолданылады. Біз алғаш рет оларды реттеуді күшейтпей, нарықпен қаржы техникасын және жаңа инновацияларды енгізуге байланысты келіссөзге келуді бастамақпыз», - деді Ұлттық Банк Төрағасы.

Е.Досаев реттеушінің осы тәсілді ендіруге дейін түрлі елдердің озық тәжірибесін зерделегендігін атап өтті. Нәтижесінде негіз ретінде Еуропалық одақтың моделі - SREP (Supervisory review and evaluation process) таңдап алынды, ол институттардың қаржылық жай-күйіндегі теріс өзгерістерді ерте кезеңдерде сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алынған деректер қажетті түзету шараларын уақтылы қолдануға мүмкіндік береді.

Тәуекелге бағдарланған реттеуді енгізу себептерінің бірі онлайн-кредиттеу саласын белсенді дамыту болды. 2015-2018 жылдары елдегі онлайн-қарыздар көлемі 23 есе өсті. Ерболат Досаевтың айтуынша, елде нарықтың осы сегментіндегі жауапты кредиттеу қағидаттарын енгізу қажеттігі туындады.

«Микроқаржылық қызметтің субъектілерін реттеу қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға және олардың артық кредиттелуін болдырмауға шоғырландырылатын болады. Атап айтқанда, микрокредиттер беру қағидаларының болуына, кез келген комиссияларды алуға тыйым салуға, сыйақының шекті мөлшерлемелерін сақтауға, кредиттік бюроға ақпарат беру қажеттігіне талаптар белгіленетін болады, бұл қарыз алушылардың борыш жүктемесін барабар бағалауға, Қазақстанның аумағында тіркелген ұйымдарға ғана қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев.

Сөз сөйлеу барысында Ұлттық Банк басшысы қаржы технологияларын қолдану мәселелерінде Қазақстан банктерінің қарқынды дамып келе жатқанын да атап өтті.

«Қазақстанда қазірдің өзінде өздерінің экожүйелерін құрып алған алдыңғы қатарлы қаржы институттары бар. Қазір көптеген ұйымдар пласттық банкингтен кетіп, қосымша ілеспе қызметтері бар қаржы техникалық компанияларға ауысты. Бізде өздерінің алдағы IPO-ларын қаржы техникалық компаниялар есебінен дайындайтын бірқатар институттар бар. Негізгі өзегі қаржы институтының өзі болып табылады », - деп толықтырды Ұлттық Банк Төрағасы.

Жалпы алғанда, оның пікірінше инновациялық шешімдерді енгізу саласында қаржы секторының мүмкіндіктерін кеңейту үшін мемлекет пен қаржы секторының арасында тығыз байланыс болуы қажет. Қазақстанда мемлекет қаржы қоғамдастығымен бірге цифрлық қаржы жүйесін құру жолында жұмыс істеуде.

Сондай-ақ форум барысында Ерболат Досаев орталық және коммерциялық банктер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрағасы Э. Набиуллинамен кездесу кезінде ЕАЭО шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті мәселелері қозғалды.

Қытай Халық Банкі Төрағасының орынбасары Фан Ифэймен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қытай қаржы нарығының қатысушылары арасында своп-желілерді пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын жасау үшін ынтымақтастықты дамыту тетігі туралы мәселе көтерілді.

Сонымен бірге Түркия Орталық банкі Төрағасының орынбасары Э. Шенермен және «Сбербанк» ЖАҚ Президенті Г. Грефпен банкаралық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды. Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (727) 270 45 96 (3930) +7 (727

276.28 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға