1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№31 Баспасөз релизі. Алматыда макроэкономикалық модельдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші Ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті

Іс-шараның мақсаты макроэкономика саласында орталық банктер күнделікті шешуге тура келетін өзекті және маңызды мәселелерді талқылау болды. Олар - шешімдер қабылдау кезінде макроэкономикалық модельдеу және болжауды әзірлеу және нәтижелерін қолдану, ақша-кредит саясаты саласында эмпирикалық талдау мәселелері.

Конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова құттықтау сөзімен қарсы алды.

«Біз, конференцияға тек Қазақстанның академиялық және ғылыми қауымдастығы ғана емес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері де аса қызығушылық танытып отырғанына қуаныштымыз. Сол себепті, Ресей Орталық Банкі, Беларусь Ұлттық Банкі және Еуразия Даму Банкінің өкілдерін айрықша атап өтіп, өз ризашылығымды білдіргім келеді», - деді Әбілқасымова.

Ол, көптеген елдердің тәжірибесі әлем елдерінің басым бөлігінің орталық банктері ақша-кредит саясатын жүргізу және қаржы нарықтарын реттеу сияқты классикалық функциялармен қатар, зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлетінін көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Орталық банктер жаңа зерттеу орталықтарына айналып отыр, олар экономикалық саясат және дамудың ауқымды мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуде», - деп Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары сөзін толықтырды.

Сөз сөйлеу барысында Мәдина Әбілқасымова инфляциялық таргеттеу және еркін өзгермелі айырбастау бағамын енгізу тақырыбына егжей-тегжейлі тоқталды. Оның пікірі бойынша режимді таңдап алу кездейсоқ болмаған. Қазіргі уақытта 40-тан астам дамыған және дамушы елдер инфляциялық таргеттеу режимін қолданады.

«Жүргізіліп отырған инфляциялық таргеттеудің нәтижелері байқалуда. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы тамыз айының қорытындылары бойынша 5,5%-ды құрады, 8 ай ішіндегі нақты ІЖӨ өсуі 4,2%-ға бағаланады. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде базалық мөлшерлеме 9,25%-ды құрайды. Инфляция бойынша күтулерді есепке ала отырып 1 жылдың ішіндегі оның деңгейі нақты мәнінде 3-3,5% аралығында нысаналы бейтарап диапазонның шектерін ұстап тұр», - деді Әбілқасымова.

Конференцияға Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдерінен басқа Ресей мен Беларусьтің орталық банктерінің, Еуразиялық даму банкінің, бірқатар ғылыми, зерттеу және білім беру ұйымдарының спикерлері қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қаржы секторының өкілдері болды.

Конференция қорытындылары Қазақстанда зерттеу жұмысы белсенді дамып келе жатқанын көрсетті. Ұлттық Банк конференцияның ғылыми пікірсайыстар, тәжірибе алмасу және түрлі бағыттар бойынша экономикалық және ғылыми зерттеулер саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға арналған дәстүрлі алаң болады деген сенім білдірді.

363.81 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға