Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем балансы

Стандартты төлем балансы үш бөлімнен тұрады:

  1. Ағымдағы операциялар шоты, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, бастапқы кірістердің және қайталама кірістердің ағындарын көрсетеді. Ағымдағы операциялар шотының сальдосы экономиканың ішкі жинақ мен инвестициясының теңгерімін көрсетеді;
  2. Капиталмен операциялар шоты, өндірілмеген қаржылық емес активтермен және капиталдық трансферттермен сыртқы экономикалық операцияларды қамтиды;
  3. Қаржылық шот, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы қаржы активтерімен және міндеттемелерімен операцияларды және нақты ресурстардың экспорты мен импортын қаржыландыру көздерін көрсетеді.

Төлем балансының талдамалық ұсынымында материалдық құндылықтардың қозғалысын және халықаралық резервтердің өзгерістерін қоспағанда, капиталдың барлық қозғалысын көрсететін төлем балансының  баптары жеке топталады. Бұл жағдайда жалпы баланстың теріс мағынасы (төлем балансының сальдосы) халықаралық валюталық резервтердің жинақталуын білдіреді, ал оң мағынасы олардың қысқаруын білдіреді.

Статистикалық жұмыстардың 2019 жылғы жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 67 бұйрығы) жинақтық статистикалық есептер тоқсан аралығымен қалыптастырылады және 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте, 31 желтоқсанда, қосымша талдама кестелер және ақпарат негізгі статистикалық есептер орналастырылған күннен бастап 10 күн өткен соң  орналастырылады.

Есепті кезеңнің төлем балансына талдамалық түсіндірмелер «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында ұсынылған.

Жоғарыға