1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы қарашадағы инфляциялық үрдістер туралы

Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Ж.Н. Шаймардановтың 2020 жылғы қарашадағы инфляциялық үрдістер туралы түсініктемесі

Қазақстан Ұлттық Банкі «Инфляциялық үрдістер» атты Қазақстандағы инфляциялық процестерге ай сайын қысқаша шолу жасап тұратын болды. Шолуда инфляциялық процестер мен инфляция компоненттерінің, соның ішінде осы үрдістер негізделген факторлардың талдауы бар.
2020 жылғы қарашада жылдық инфляция 7,3%-ға дейін жеделдеді. Негізгі үлес азық-түлік тауарларына бағаның өсуін жалғастыруда, олар 10,8%-ға қымбаттады. Қараша айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жекелеген қызметтеріне және мәдениет пен демалыс саласындағы қызметтердің тарифі өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі – халықта ақшалай кірістің қысқаруына және жұмыс пен оқу режимінің қашықтан жалғасуына байланысты тұтынушы тарапынан болатын сұраныстың азаю себебінен болып отыр.

Қарашаның инфляциялық үрдістерімен толығырақ «Инфляциялық үрдістер. 2020 жылғы қараша» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған шығарылымда танысуға болады.

Толығырақ

Жоғарыға