1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы қараша айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің 2020 жылғы қараша айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша түсіндірмесі

Қараша айының қорытындысы бойынша халықтың инфляциялық күтулері азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне бағаның шарықтауы мен белгісіздіктің жоғары деңгейінің сақталуы жағдайында айтарлықтай өсті. Биыл қарашада инфляциялық күтулердің бір жыл алға есептегендегі сандық бағасы 7,8% болды (2020 жылғы қазанда – 7,3% еді).

Алдағы 12 ай ішінде бағаның қазіргідей өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 52%-ға дейін (2020 жылғы қазанда 51%) өсті. Жауап беруге қиналған респонденттердің үлесі тарихи максимумдарды жаңарта отырып, қарашада 31%-ға дейін (2020 жылғы қазанда  29%) көбейді.

Бағаның өсуін атап өткен респонденттер арасында күтілетін инфляцияның бір жыл алға медианалық бағасы өзгеріссіз қалды  16,7% (2020 жылғы қазан – 16,7%), ал қабылданатын инфляция – 18,8%-ға (19,7%) дейін төмендеді.

Азық-түлік өнімдеріне, атап айтқанда, өсімдік майының, жұмыртқа мен қант бағасының жылдам өсуін атап өткен респонденттердің үлесі де арта түсті.

Дегенмен теріс бағалау барысының төмендегені арқасында респонденттердің тұтынушылық көңіл-күйі жақсарып келеді. 

Жоғарыға