Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жыл басынан 12,2%-ға ұлғайып,  32,5 трлн теңгені құрады. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 47,4% - ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 52,6%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі. Бұл ретте бизнеске кредиттер жыл басынан 6,5% - ға өсіп, 15,4 трлн теңгені құрады, халыққа берілетін кредиттер – 17,9%-ға 17,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 13,9%-ға 29,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 4,9%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін төмендеді (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,3%-н құрады.

Деректер көздерінің өзгеруіне және микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша есептік ақпарат жинаудың ай сайынғы негізге ауысуына байланысты 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептерден бастап кеңейтілген айқындаудағы экономиканы кредиттеу жөніндегі статистиканың жариялануы тоқсандық негізден ай сайынғы негізге ауыстырылды.

Кеңейтілген айқындаудағы экономикаға кредиттер бұл кредиттер бойынша нақты берешектің қалдықтары туралы мәліметтер болып табылады:

  • банк секторы (екінші деңгейдегі банктер, «Отбасы банкі» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қоса алғанда),
  • ипотекалық ұйымдар («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Экспресс Финанс» Ипотекалық ұйымы» АҚ),
  • квазимемлекеттік сектордың басқа субъектілері (нақты секторға кредит беруді жүзеге асыратын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары: «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ),
  • микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар).

Деректер бизнеске кредиттер (заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсаттарына кредиттер) және халыққа кредиттер (жеке тұлғаларға бизнеспен байланысты емес мақсаттарға кредиттер) санаттарын бөлектеу арқылы ұсынылған.

Банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің несиелері туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемелер бойынша алуға болады:

Банк секторының кредиттері

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері - берешек көлемі мен сыйақы мөлшерлемелері бойынша жиынтық деректер

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері - талдамалық кестелер

Жоғарыға