1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазіргі заманғы жағдайлардағы төлем жүйелері және төлем қызметтері нарығы» халықаралық конференциясы (Астана қаласы, 2017 жылғы 3-4 шілде).

Іс-шараға ТМД, Еуропа, Балтық пен Тынық мұхит өңірлерінің, Еуропа Қайта құру және Даму банкінің, Мемлекетаралық Банктің өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаттары цифрлық технологияларды пайдалана отырып, төлем қызметтерін дамыту саласындағы өзекті мәселелерді, төлем жүйелерін дамытудағы соңғы трендтерді, төлем нарығындағы сын-қатерлердің талдамасын талқылау болып табылды.  Іс-шараға қасушыларға өз сәлемдесу сөзін жеткізген ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.Пірматов конференция қаржылық, әсіресе, төлем саласында қалыптасып қалған үйреншікті заттардың, қарым-қатынастардың трансформациясы жүріп жатқан жаһандық қаржы индустриясы үшін негізгі кезеңде өткізіліп жатқандығын атап өтті. ҚРҰБ басшысының орынбасары: «Әлемде финтех индустрия саласы күрт дамып келе жатыр, халықтың жылдам, қашықтан басқарылатын және толық функционалды сервистерге деген сұраныстары күн санап артуда. Бұл орын алып жатқан өзгерістер нарық қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларды алып келуде. Цифрлық сервистерді пайдаланудың басымдықтары мен оларға тән тәуекелдер арасындағы тепе-теңдікті түсініп, дұрыс таба білу  қажет, бұл реттеуші ретіндегі қызметке де және төлем қызметтері нарығының қатысушыларына да ықпал етпей қоймайды», – деп атап өтті. 

Конференция барысында цифрлық қызметтер көрсету мәселелері, халық үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру, киберқауіпсіздік, төлем экожүйелерін цифрландыру, сондай-ақ «блокчейн» технологияларын қоса алғанда қаржы саласында жаңа технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

 

Жоғарыға