1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Түркия Республикасының Орталық банкі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Ұлттық Банк делегациясының АҚШ-қа сапары аясында Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Вашингтондағы Көктемгі кездесулеріне қатысу үшін Төраға Тимур Сүлейменов пен Түркия Республикасы Орталық банкінің Төрағасы Фатих Карахан Ұлттық Банктің Түркия Республикасының Орталық банкімен ынтымақтастығы жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты – екіжақты қарым-қатынасты нығайту, орталық банктер қызметінің бағыттары бойынша ақпаратпен және үздік тәжірибелермен алмасу.

Атап айтқанда, тараптар макроэкономикалық үрдістерді тану, қаржы нарықтарын дамыту, ақша-кредит саясаты, макропруденциалдық саясат, қаржылық тұрақтылық, цифрлық қаржылық технологияларда, сондай-ақ басқа да салаларда орталық банктердің қызметін зерттеу мәселесінде ынтымақтасатық орнатуды көздейді.

Ұлттық Банк пен Түркия Республикасының Орталық банкі арасындағы ынтымақтастықты өзара диалог, сараптама және тәжірибе алмасу, оның ішінде бірлескен зерттеу қызметі арқылы дамыту жоспарланып отыр.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға