1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Наурызда жылдық инфляция Қазақстанның көп бөлігінде баяулады

Наурыз айында елде жылдық инфляция баяулап, 9,1%-ды (ақпанда – 9,3%) құрады. Жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді. 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. 

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 6,9%-ға дейін баяулады (ақпанда – 7,4%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (10,5%) барынша қарқынды, ал Алматы облысында (4,3%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,2%-ға дейін бәсеңдеді (ақпанда – 8,5%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (6,5%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,2%-ға дейін жеделдеді (ақпанда – 12,8%). Сонымен қатар, Павлодар облысында баға жалпы республикалық деңгейден біршама тез (18,2%), Ұлытау облысында (8,6%) айтарлықтай баяу өсті.

Наурызда ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға шарықтады. Бұл – тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы наурызда – 0,6%).

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға