1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың  қазан айындағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады.

2023 жылғы қазанда елде жылдық инфляция 10,8%-ды құрап (қыркүйекте – 11,8%), баяулады. Өңірлер бойынша жылдық инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді.  

Бұл ретте, қазан айында елдегі айлық инфляция 0,7% болды.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында тіркелді.

Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 10,4%-ға дейін ж/ж (қыркүйекте – 11,4%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (14,2%) тез, ал Шымкент қаласында (7,6%) баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 11,1%-ға дейін ж/ж баяулады (қыркүйекте – 12,1%). Ең жоғары мән Алматы қаласында (12,9%), ал ең төмен мән Ұлытау облысында (8,1%) тіркелді.

Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 11,0%-ға дейін ж/ж баяулады (қыркүйекте – 11,9%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Түркістан облысында (15,6%) біршама жоғары, Астана қаласында (7,8%) айтарлықтай төмен өсті.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

579.49 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға