1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1079 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілгені туралы хабарлайды. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.

Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі.

Бұл ретте Ұлттық Банк бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электрондық әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдардың бар екеніне назар аудартады.    

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press.nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға