1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев пен Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) Басқарушы директоры Кристалина Георгиева ХВҚ мен Дүниежүзілік Банк тобының көктемгі кездесулері аясында онлайн кездесу өткізді.

Тараптар қазіргі макроэкономикалық ахуалды, COVID-19-дың Қазақстан экономикасына теріс салдарын азайту мақсатында дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуын, ақша-кредит саясаты мәселелерін, сондай-ақ елдің қаржы секторын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Виртуалды кездесу барысында ХВҚ тарапынан макроболжамдауды, стресс-тестілеуді, киберқауіпсіздікті және тәуекел-менеджментті дамыту бойынша техникалық көмек көрсету мәселесі қаралды, сонымен қатар 2021 жылдың күзінде Қазақстанның қаржы нарығына кешенді бағалау жүргізу мүмкіндігі талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев пен ХВҚ Басқарушы директоры Кристалина Георгиева Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия мемлекеттеріне арналған әлеуетті дамыту өңірлік орталығының* онлайн-вебинарларлары табысты өткенін айтты және оның жыл соңына дейін Алматы қаласында нақты ашылу мәселелерін талқылады.

*Өңірлік орталықты Қазақстанда орналастыру туралы шешімді ХВҚ 2019 жылдың қазан айында Қазақстан, Өзбекстан және Грузиядан келген өтініштерді қарастырғаннан кейін қабылдады. ХВҚ-ның Қазақстандағы өңірлік орталығы өңірдегі алғашқы және Халықаралық Валюта қорының адам дамуы жөніндегі 17-ші орталығы болып табылады

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға