1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹1 01/04/2003

Төлем карточкалары

Төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін Ұлттық Банктің лицензиясы 19 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 14 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард – ОАО “Қазақстанның Халықтық Банкі”, SmartAlemCard – ОАО “ТуранАлем банкі”, ОАО “Каспийский банкі” и ОАО “Сити банкі” карточкалары, сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - Europay International, VISA International, American Express, Diners Club International шығаруда.
2003 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 1,67 млн. данадан асып, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны 1,64 млн адам болған. Бұл жағдай, салыстырмалы көрсеткіштерде, Қазақстанның әрбір мың адамына 112,1 карточкалар келетіндігін көрсетеді. Олардың ішінде, халықаралық және жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлестері, сәйкесінше, 80% және 20% болып келеді. 2002 жылдың 1-ші сәуірінде бұл арақатынас 83% және 17% құраған болатын.

2001 және 2002 жылдары төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған трансакциялардың
саны мен көлемі

Трансакциялар түрі

2001 жыл

2002 жыл

Саны (мың дана)

Сомасы(млн. теңге)

Саны (мың дана)

Сомасы(млн. теңге)

Тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу

399,7

5789,4

579,0

9589,2

Қолма-қол ақша беруге бойынша

13696,0

137996,5

20378,4

241418,4

2003 жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда 724 банкомат орнатылған. Бұл 2002 жылдың 1-ші сәуірімен салыстырғанда банкоматтар санының 20,1%-ке өскенін көрсетеді. Сондай-ақ, 2003 жылдың 1 сәуірінде 3458 POS-терминалдар орнатылған, яғни 2002 жылдың 1-ші сәуірімен салыстырғанда терминалдар санының 24,3%-ке өсуі болған.

 

 

Жоғарыға