Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

1993 жылғы үлгідегі банкноттар

ӨЗГЕРТІЛГЕН ДИЗАЙНМЕН 1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 100 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 16.12.2001*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – күлгін. Негізгі бейнесі – мемлекет қайраткері, қолбасшы, Қазақ хандығының ханы Абылай ханның (1711-1781) портреті. Түсі өзгермелі ою-өрнек алтын интаглиоға алмастырылды.

Сырт жағы: басым түсі – күлгін және қызғылт. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 100 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – күлгін. Негізгі бейнесі – мемлекет қайраткері, қолбасшы, Қазақ хандығының ханы Абылай ханның (1711-1781) портреті. 

Сырт жағы: басым түсі – күлгін және қызғылт. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 50 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – қызыл және қоңыр. Негізгі бейнесі – мемлекеттік қайраткер, қолбасшы, Кіші жүздің бірінші ханы Әбілқайыр ханның (1693-1748) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнелері – Маңғыстау облысындағы жартастағы суреттер.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 20 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнесі – қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың (1845-1904) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнесі – бүркітші.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – ғалым, тарихшы, этнограф және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – Оқжетпес тауы (Бурабай).

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 124х62 мм

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және қызғылт-сары. Негізгі бейнесі – қазақ халқының музыканты, домбырашысы және композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының (1818-1889) портреті.

Сырт жағы: басым түстері – қоңыр және қызғылт. Негізгі бейнесі – кесене кешені.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 3 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 124х62 мм

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – қазақ ақыны және импровизаторы Сүйінбай Аронұлының (1815-1898) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – Іле Алатауы.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

 

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 124х62 мм

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қызғылт. Негізгі бейнелері – Әл-Фарабидің геометриялық конструкциялары мен формулалары.

 

Назар аударыңыздар*: «Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысына сәйкес 2006 жылғы 15 қарашадан  бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 1993 жылғы  үлгідегі номиналы 1 теңгелік, 3 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік, 20 теңгелік, 50 теңгелік және 100 теңгелік банкноттары ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды  айырбастау 2012 жылғы 14 қарашада аяқталды.

Жоғарыға