1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметті сатып алу

№ п/п: 13575

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 16.03.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 20.03.2020 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137), автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметті  баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтің саны:

1-лот Автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызмет, 1 қызмет,  бөлінген сома ҚҚС-сыз 1162012,00 теңге;

3. Сатып алынатын қызметке техникалық ерекше нұсқама: Шарт жобасына №1 Қосымшада (техникалық ерекше нұсқама) көрсетілген.

Автокөліктерге ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсету;

- жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО): көліктің мүліктің басқа да көлік құралдарымен соғысуы, қозғалмалы немесе қозғалмайтын заттарды (ғимараттар, кедергілер, құстар,

жануарлар және т.б.) басып кету (соғу), сондай-ақ оны жолда пайдалану кезінде аударылып кетуі;

- үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері: автокөлікті (мүлікті) немесе оның жекелеген бөліктерін, бөлшектерін, қосымша жабдығын айдап әкету, тонау, талау, ұрлау не болмаса оларды айдап әкетуге, тонауға, талауға, ұрлауға не  айдап әкетуге, тонауға, талауға, ұрлауға ниет жасауға байланысты жойылуы не бүлінуі, сондай-ақ мүліктің үшінші тұлғалардың айдап әкетуге, тонауға, талауға, ұрлауға ниет жасауға байланысты емес заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде бүлінуі;

- табиғат апаты: боран, дауыл, құйын, бұршақ, найзағай, жер сілкінісі, сел, опырылып құлау, тас көшкіні, тасқын, су басу, судың жайылуы, жердің шөгуі;

- өзге де көзделмеген оқиғалар: бөтен заттардың құлауы, өрт, жарылыс, мұздың астына түсіп кету, көпірден құлау нәтижесінде Сақтанушы автокөлігінің (мүлкінің) жоғалуы немесе бүлінуі (жойылуы) болып табылады.

- Toyota Camry жеңіл автокөлігі, 2018 жылы шыққан, қалдық құны – 7538517,23 теңге.

- Toyota Corolla жеңіл автокөлігі, 2018 жылы шыққан, қалдық құны – 5321134,12 теңге.

- Mercedes-benz Sprinter 519 cdi 4x4 жүк автокөлігі, 2018 жылы шыққан, қалдық құны – 37461364,46 теңге.

4. Қызмет көрсету орны: 080000, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137  үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы.

5. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі Toyota Camry, Toyota Corolla жеңіл автокөліктері үшін  2020 жылдың 12 қарашасында 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда сағат 24-00 дейін, Mercedes-benz Sprinter 519 cdi 4x4 жүк автокөлігі үшін  2020 жылғы 07 желтоқсанда 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда сағат 24-00 дейін тәулігіне 24 сағат қолданылады.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 16.03.2020ж. сағат 09:00, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 20.03.2020ж. сағат 18:30 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты -  20.03.2020 ж. сағат 18:30.

8. Сақтандырушының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы болуы қажет.

9. Төлем жасау тәртібі: Сақтанушымен Сақтандырушының банк шотына мынадай тәртіпте ақша аудару  жолымен  жүзеге асырады:

  1. Шарт бойынша төлем, Сақтанушы 100% мөлшердегі алдын-ала төлемді банк кепілдігі немесе ақшалай кепіл жарнасы түрінде  Шарттың жалпы сомасының 100% (жүз пайыз) мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде  Сақтандырушының есеп шотына аудару арқылы жүргізеді.
  2. Сақтандырушы шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банктік кепілдік немесе Шарттың Жалпы сомасының 100 (жүз) пайызы мөлшеріндегі кепілдік ақшалай жарна түрлерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
  3. Сақтанушы Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін ойдағыдай орындаған сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтарады.

10. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі. 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. қызметтің атауы;
  3. қызмет көрсету мерзімдері;
  4. қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің біреуінің бағасы және   Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы;
  5. әлеуетті жеткізуші қызмет үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Дара кәсіпкер үшін: 

  • ДК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға