1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Арка металл детекторын сатып алу

№ п/п: 12966

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.02.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.02.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

арка металл детекторын сатып алуды жүргізу туралы

Хабарландыру

 

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен арка металл детекторын (бұдан әрі -Тауар) сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.

2. Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 1 486 607,14 теңгені құрайды.

3. Жеткізетін Тауарға қойылатын талаптар, оны жеткізу мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.

4. Тауарды жеткізу орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 3.

          5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3-үй, 501-бөлме, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімі.

          6. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж.06.02. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж.12.02. сағат 18:00-ге дейін.

          7. Баға ұсыныстары бар конверттер 2019 жылғы 13 ақпанда 10 сағат 00 минутте мына мекенжай бойынша: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 3, 501-кабинет ашылатын болады.

8. Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылатын тауарға техникалық ерекше нұсқамасының қосымшасымен бірге 1 (бір) ғана баған ұсынысын береді.

9. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте беткі жағында келесілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
  2. осы хабарламаның 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен пошталық мекенжайы;

        3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Тауарды (лотты) сатып алудың атауы.

          10. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің Өкілі өз  өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке бас куәлігі) растауы тиіс.

11. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

12. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(7232) 560668, 560682.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға