1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹22 01/10/2012

2012 жылдың 3–ші тоқсанында банктер және «Қазпочта» АҚ Кестеде  ұсынылған  төлем  құралдарын  пайдалана  отырып 31 393.5 млрд. теңге сомаға  77 655.3 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді.

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2012 жылдың 3–ші тоқсанында 1.0 млн. теңге құрады. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдер көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2012 жылдың 3–ші тоқсанында бір транзакцияның орташа сомасы 33.4  мың теңге болды).

2012 жылдың 3–ші тоқсанында төлем құралдарының ішіндегі төлем талаптары – тапсырмалар және инкассалық өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты.

Басқа құралдарға  тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу.

2012 жылдың  3-ші тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер

№ 1 Кесте

(санымың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 Төлем құралдары

Саны

Сомасы

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

Төлем тапсырмалары

30 807.4

39.7%

29 853.7

95.1%

Төлем талап-тапсырмалары

1.6

0.002%

1.5

0.005%

Инкассалық өкімдер

22.6

0.03%

5.2

0.02%

Төлем карточкалары

46 815.6

60.3%

1 420.2

4.5%

Басқа құралдары

8.1

0.01%

112.8

0.4%

Жалпы жиынтығы

77 655.3

100.0%

31 393.5

100.0%

Жоғарыға