1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹29 01/04/2011

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2011 жылғы І тоқсанда 45 119,9 млрд. теңге (немесе 308,2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 6,8 млн. транзакция өткізілді. 2010 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 6,4% (407,2 мың транзакцияға) көтерілді, төлемдер сомасы 3,1% (1 462,7 млрд. теңгеге) азайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2011 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 511 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2011 ж. І тоқсанда БААЖ  арқылы 44 377,2 млрд.теңге (303,1 млрд. АҚШ долл.) сомаға 2,5 млн. транзакция жүргізілді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 9,5% (221,4 мың транзакцияға) көтерілді, ал төлемдер сомасы 3,4% (1 556,9 млрд. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда, 2011ж. І тоқсанда БААЖ арқылы күніне 778,5 млрд. теңге сомаға 44,7 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2010 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 3,9 мың транзакция (9,5%) көп және сомасы бойынша 27,3 млрд. теңгеге (3,4%) аз. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2011 жылғы І тоқсанда 17,4 млн. теңгені құрап, 2010 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 11,8% (2,3 млн. теңгеге) азайды.

БААЖ-дың негізгі мақсатына сәйкес пайдаланушылар көрсетілген жүйеге қаржы секторының операциялары бойынша негізінен ірі және мерзімді төлемдерді жібереді. Мәселен, 2011 ж. I тоқсанда БААЖ арқылы негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 44.1%), сондай-ақ банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражат аударымдарымен (24.5%) операциялар бойынша төлемдер жүргізілді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2011ж. І тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.4% және олардың жалпы санының 37.5% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2011 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды, олардың 33 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2011 ж. І тоқсанда сомасы 742,6 млрд. теңге (5,1 млрд. АҚШ долл.) 4,2 млн. құжат болды. 2010 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 4,6% (185,8 мың құжатқа) көтерілді, бұл ретте төлемдер сомасы 14,5% (94,1 млрд. теңгеге) көтерілді.

 

Орташа алғанда, 2011 ж. І тоқсанда клиринг жүйесі арқылы күніне 13,0 млрд. теңге сомаға 74,5 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2010 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден төлемдер саны бойынша 3,3 мың транзакцияға (4,6%), төлемдер сомасы бойынша 1,7 млрд. теңгеге (14,5%) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 174,8 мың теңге болды, бұл 2010 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 9,5% (15,2 мың теңге) көп.

Клиринг жүйесінде төлемдердің ең көп үлесі 2011 жылғы І тоқсанда шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар және материалдық емес активтер төлемдерге (жүйедегі төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 31.9% құрады), көрсетілген қызметтер төлемдерге (үлесі – 25.9%) сондай-ақ бюджетке (салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу) және бюджеттен төленетін төлемдерге (үлесі – 23.1%) үшін есеп айырысулар бойынша төлемдеріне тиесілі болды.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 62,5% және олардың жалпы көлемінің 1,6% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға