1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹144 28/08/2023

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 524,6 трлн теңге сомаға 41,6 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 13,8% (5,0 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 29,5% (119,3 трлн теңгеге) көбейді.

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-шілде

саны

көлемі

2022

36 548,3

405 218,6

2023

41 576,4

524 560,2

Өзгеріс, %-бен

13,8%

29,5%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында БААЖ арқылы барлығы 518,5 трлн теңге сомаға 13,8 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда төлемдер саны 14,6%-ға (1,8 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 29,7% (118,8 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 3,7 трлн теңге сомаға 98,7 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда саны бойынша 13,8% (12,0 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 28,8% (828,3 млрд теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-шілде

саны

көлемі

2022

барлығы

12 054,5

399 700,6

орташа алғанда бір күнде

86,7

2 875,5

2023

барлығы

13 819,9

518 540,4

орташа алғанда бір күнде

98,7

3 703,9

Өзгеріс, %-бен

барлығы

14,6%

29,7%

орташа алғанда бір күнде

13,8%

28,8%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек төлемдер ағыны 6,0 трлн теңге сомаға 27,8 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 13,3% (3,3 млн құжат), төлемдер сомасы 9,1% (501,8 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 43,0 млрд теңге сомаға 198,3 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 12,5% (22,0 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 8,3% (3,3  млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-шілде

саны

көлемі

2022

барлығы

24 493,7

5 518,0

орташа алғанда бір күнде

176,2

39,7

2023

барлығы

27 756,6

6 019,8

орташа алғанда бір күнде

198,3

43,0

Өзгеріс, %-бен

барлығы

13,3%

9,1%

орташа алғанда бір күнде

12,5%

8,3%

 

Жоғарыға