1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹143 28/07/2023

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 441,1 трлн теңге сомаға 35,3 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 13,2% (4,1 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 29,8% (101,2 трлн теңгеге) көбейді.

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-маусым

саны

көлемі

2022

31 195,7

339 855,3

2023

35 310,9

441 073,0

Өзгеріс, %-бен

13,2%

29,8%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында БААЖ арқылы барлығы 436,0 трлн теңге сомаға 11,8 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлемдер саны 13,3%-ға (1 379,3 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 30,1% (100,8 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 3,6 трлн теңге сомаға 98,0 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда саны бойынша 12,3% (10,8 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 29,0% (816,3 млрд теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-маусым

саны

көлемі

2022

барлығы

10 378,8

335 188,3

орташа алғанда бір күнде

87,2

2 816,7

2023

барлығы

11 758,1

435 955,7

орташа алғанда бір күнде

98,0

3 633,0

Өзгеріс, %-бен

барлығы

13,3%

30,1%

орташа алғанда бір күнде

12,3%

29,0%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек төлемдер ағыны 5,1 трлн теңге сомаға 23,6 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 13,1% (2,7 млн құжат), төлемдер сомасы 9,6% (450,2 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 42,6 млрд теңге сомаға 196,3 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 12,2% (21,3 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 8,7% (3,4  млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-маусым

саны

көлемі

2022

барлығы

20 816,9

4 667,0

орташа алғанда бір күнде

174,9

39,2

2023

барлығы

23 552,8

5 117,2

орташа алғанда бір күнде

196,3

42,6

Өзгеріс, %-бен

барлығы

13,1%

9,6%

орташа алғанда бір күнде

12,2%

8,7%

Жоғарыға