Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Тутушкин Виталий Алексеевич

ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары – ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Басшысы

1976 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» (Бакалавр), «Макро-микроэкономика және математикалық модельдеу» (Экономика магистрі), сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Executive management» мамандығы бойынша бітірген.

В.А. Тутушкин еңбек жолын 1998 жылы мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаменті экономикалық зерттеулер басқармасының экономисі ретінде бастады.

1998 жылғы шілдеден бастап 2010 жылғы желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің экономисі, жетекші талдаушы, бас талдаушы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директор орынбасары

 2010 жылғы желтоқсаннан бастап 2011 жылғы мамыр аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық басқармасының бастығы

2011 жылғы мамыр - 2014 жылғы маусым аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық департаменті директорының орынбасары

2014 жылғы маусым - 2014 жылғы қараша аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары

2014 жылғы қараша - 2015 жылғы желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры

2015 жылғы желтоқсан - 2016 жылғы ақпан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің директоры

2016 жылғы ақпан - 2019 жылғы мамыр аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің директоры

2019 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы маусым аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры

2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы наурыз аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігі Қаржы нарығымен өзара әрекет ету департаментінің директоры

2022 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №285 Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2022 жылғы 14 наурыздағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.

«Кұрмет» орденімен,  «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,«Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Жоғарыға