Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

Б.Ш. Шолпанқұлов 1976 жылы 4 наурызда дүниеге келді.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және  ШҚТ» мамандығы бойынша; 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын бітірді.

Б.Ш. Шолпанқұлов еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің Қолма-қол ақша басқармасы қолма-қол ақшаның ағымдағы қалдықтарын басқару бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.

2001 жылғы қазаннан 2004 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы лауазымын атқарды.  

2004 жылғы шілдеден 2008 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.   

2008 жылғы желтоқсаннан 2014 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.  

2014 жылғы маусымнан 2016 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. 

2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2019 жылғы наурыздан 2021 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасының Бірінші Қаржы вице-министрі.

2021 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жоғарыға