1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№5 Баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жылдық инфляция 5,6% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейінде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінде болды. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,2%-ға, ақылы қызметтер – 1,4%-ға өсті.

2020 жылғы қаңтарда халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 5,1% болды.

2. 2020 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2020 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 29,3 млрд АҚШ долларына дейін 1,2%-ға немесе 352,1 млн АҚШ долларына ұлғайды. Өсу алтынмен активтердің бағасы 3,8%-ға ұлғайған кезде жүргізілген операциялардың нәтижесінде олардың ұлғаюы есебінен орын алды. Алтынмен активтердің өсуі шетел валютасындағы активтердің төмендеуімен ішінара теңестірілді.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (61,1 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша 2020 жылғы қаңтардың соңында 90,4 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2020 жылғы қаңтарда 9,0%-ға қысқарды және 6 269,5 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4 978,0 млрд теңгеге дейін 8,3%-ға тарылды.

2020 жылғы қаңтарда ақша массасы алдын ала деректер бойынша 2,1%-ға төмендеді және 20 875,8 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 189,8 млрд теңгеге дейін 4,8%-ға төмендеді.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2020 жылғы 3 ақпандағы шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%-дық дәлізбен жылдық 9,25% деңгейінде сақталды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы 2020 жылғы қаңтарда басым түрде пайыздық дәліздің төменгі шегі және Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі деңгейі арасында қалыптасты. 2020 жылғы қаңтарда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,64% (2019 жылғы желтоқсанда – 8,92%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2020 жылғы қаңтардың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,5 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 70,4 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 552,5 млрд теңгеге дейін, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі – 380,0 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 16,7%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қаңтардың соңында 3 988,8 млрд теңге болды.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2020 жылғы қаңтарда 1 969,8 млрд теңгені құрады. Барлығы 7 аукцион өткізілді, оның ішінде 1 215,8 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,37%), 174,7 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,89%), 319,2 млрд теңге сомаға жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,07%), 260,1 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,14%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 1 418,2 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2020 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 168,1 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастырды. 5 аукцион өткізілді, оларға 9 жылдық, 10 жылдық, 13 жылдық, 18 жылдық және 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 9,47%-дан 9,51%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2020 жылғы қаңтарда 1,5%-ға ұлғайып, 8 332,6 млрд теңге болды.

2020 жылғы ақпанның басындағы жағдай бойынша кірістіліктің қисығы ұзақ қағаздардың 1 жылға дейінгі сегментте барынша қысқаға қатысты жоғары кірістілігі нәтижесінде біршама дөңес нысанды көрсетті. Орта мерзімді борыштық міндеттемелердің сыйақы мөлшерлемелері барынша ұзақ өтеу мерзімі бар қағаздардың мөлшерлемелерінен асады.

4. 2020 жылғы қаңтардағы валюта нарығы

2020 жылғы қаңтарда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 376,09–382,14 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы қаңтардың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,9%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 379,05 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 13,0 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,4 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,6 млрд АҚШ доллары болды. Бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 57,5% (2019 жылғы желтоқсанда 55,8%) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді.

2020 жылғы қаңтарда халық нетто-негізде 163,4 млрд теңгеге барабар сомаға (2019 жылғы желтоқсанда – 269,5 млрд теңге) қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 64,1% немесе 104,8 млрд теңге, Ресей рублін – 21,1% немесе 34,5 млрд теңге, еуро – 14,3% немесе 23,4 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 39,4%-ға азайды. Валюта түрлері бойынша бөліністе АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған шығыстар 51,1%-ға азайды, Ресей рублін сатып алуға жұмсалған шығыстар 2,5%-ға және еуро сатып алу шығыстары 12,8%-ға ұлғайды.

5. 2020 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 1,8%-ға төмендеп, 2020 жылғы қаңтардың соңында 18 686,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 590,6 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 9 095,4 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 789,8 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға, шетел валютасындағы – 7 896,3 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға азайды. Долларландыру деңгейі 2020 жылғы қаңтардың соңында 42,3% болды (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы қаңтарда 5 470,5 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 120,1 млрд теңгеге дейін 6,6%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің 43,0%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 319,3 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға азайды, шетел валютасындағы депозиттері 3 776,2 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға азайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 41,5%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,9%-ға ұлғайып, 12 700,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 7 363,1 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 337,5 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,3%-ды (2019 жылғы қаңтарда – 7,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,3%-ды (10,2%) құрады.

6. 2020 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,4%-ға азайып, 2020 жылғы қаңтардың соңында 13 672,9 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 6 963,7 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға азайды, жеке тұлғаларға – 6 709,2 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 484,1 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,6%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға – 0,8%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 188,8 млрд теңгеге дейін 5,0%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға, сол сияқты жеке тұлғаларға берілген кредиттер 5,0%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы қаңтардың соңында 84,0%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 761,6 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға азайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 911,3 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы қаңтарда 2 053,5 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 15,0%-ы) 2,6%-ға азайды.

Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,4%), сауда (12,3%), құрылыс (4,7%) және көлік (3,5%) сияқты салаларға тиесілі.

2020 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,1%-ды (2019 жылғы қаңтарда – 12,4%), жеке тұлғаларға – 19,0%-ды (18,4%) құрады.

7. 2020 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2020 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 56,3 трлн теңге сомаға 2,9 млн транзакция жүргізілді (2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда төлемдердің саны 0,01%-ға өзгерді, ал сомасы 32,6%-ға азайды). Орташа алғанда бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 2,8 трлн теңге сомаға 146,4 мың транзакция жүргізілді.

2020 жылғы қаңтарда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 2,8 трлн теңге сомаға 167,3 млн транзакцияны құрады (2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда транзакциялардың саны 75,4%-ға ұлғайды, сомасы 44,4%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі саны бойынша 85,1%-ға дейін (2019 жылы – 69,7%), көлемі бойынша 59,3%-ға дейін (35,1%) өсті.

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 34,0 млн бірлік болды, олардың ішінен қаңтарда 54,1% пайдаланылды.

2020 жылғы қаңтарда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 43,5 млрд теңге сомаға 0,2 млн аударымды құрады. 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдары көлемі 8,2%-ға ұлғайды. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санының 81,9%-ы (0,16 млн транзакция) және жалпы сомасының 91,4%-ы (39,7 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 18,1% (0,04 млн транзакция) және жалпы сомасынан 8,6% (3,7 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 22,4 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2020 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтарда 96,9 млрд теңгеге немесе 0,9%-ға ұлғайып, 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 10 897,5 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтарда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 28,2 млрд теңгеге ұлғайып, 2020 жылғы 1 ақпанға 4 361,9 млрд теңгеге дейін өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ шоттарды есептегенде) 2020 жылғы 1 ақпанда 10,1 млн шотты құрады.

2020 жылғы қаңтарда зейнетақы төлемдерінің сомасы 17,9 млрд теңге болды.

2020 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 42,2%-ы және 28,1%-ы) құрайды.

9. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторинг нәтижелері туралы

2019 жылы 4-тоқсандағы экономиканың нақты секторының жағдайын бағалау мақсатында 2020 жылғы қаңтарда кәсіпорындардың кезекті мониторингі жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын білдіретін мониторингке қатысушы кәсіпорындар саны 2019 жылғы 4-тоқсанда 3 266 кәсіпорынды, оның ішінде 1 622 орта және ірі кәсіпорындарды құрады.

2019 жылғы 4-тоқсанда дайын өнімге деген сұраныстың жандануы байқалды және оның диффуздық индексі (ДИ) 52,4 құрады. Ең жоғары өсім тауарлар өндіру секторында, ең аз өсім қызмет көрсету секторында белгіленді. Өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпорындардың өніміне сұраныс тау-кен өнеркәсібінің өніміне қарағанда аз ғана жоғары болды (тиісінше, ДИ=51,0 және 49,9).

Кәсіпорындардың күтуі бойынша 2020 жылғы 1-тоқсанда дайын өнімге деген (ДИ = 56,2) сұраныстың өсу қарқыны ұлғаяды.

2019 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі аз ғана жақсарды: меншікті қаражат және банктік кредиттер есебінен негізгі қаражаттарын қаржыландырған кәсіпорындардың үлесі ұлғайды және қаржыландыруды жүзеге асырмаған кәсіпорындардың үлесі төмендеді. Кәсіпорындардың көбі негізгі және айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін меншікті қаражаттарын пайдаланады (тиісінше, 66,4% және 80,1%).

Банктік кредиттер негізгі қаражаттарын қаржыландыру үшін кәсіпорындардың 6,1%-ы, айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін кәсіпорындардың 15,3%-ы пайдаланды. Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін шектейтін негізгі себептер қаржы құралдарының жетіспеушілігі (27,0% кәсіпорын) және басқа кәсіпорындар тарапынан нарықтық бәсекелестік (22,7% кәсіпорын) болып отыр.

2019 жылғы 4-тоқсанда 20,3% сұрау жүргізілген кәсіпорындар кредит алу үшін банкке жүгінген, 18,6% кәсіпорын (немесе кредитке өтініш бергендердің 91,6%-ы) кредит алды. Кредиттеуден бас тартылғандардың үлесі пікіртерім жүргізуге қатысушылардың жалпы санының 1,7%-ы (кредитке өтініш бергендердің 8,4%-ы) болды.

14,2% пікіртерім жүргізілген кәсіпорын 2020 жылғы 1-тоқсанда кредитке өтініш беруге ниетті. Өңдеуші өнеркәсіпте мұндай кәсіпорындардың үлесі 21,4%, тау-кен өңдеуде – 9,0% болды.

Мониторингке қатысушылар алған кредиттер бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме деңгейі азғана төмендеп, теңгемен кредиттер бойынша 12,3%-ды және шетел валютасымен 5,9%-ды құрады.

Жоғарыға