1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№37 Баспасөз релизі. Ұлттық Банк Төрағасы ХВҚ Басқарушылар Кеңесінің және Дүниежүзілік Банк тобының Жыл сайынғы кездесулеріне қатысты

АҚШ астанасында Ұлттық Банк басшысы Халықаралық Валюта Қорының, Дүниежүзілік Банктің, шетелдік орталық және инвестициялық банктердің басшыларымен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Е. Досаевтың ХВҚ-ның жаңа басқарушы директоры К. Георгиевамен кездесуі өтті, оның барысында тараптар қалыптасып отырған жаһандық макроэкономикалық жағдайда және түрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуі жағдайларында Қазақстан экономикасы үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады.

Ұлттық Банк Төрағасы Кавказ және Орталық Азия елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басқарушыларының алқалық пікірталасына қатысты. Өзінің сөйлеген сөзінде Е. Досаев қатысушыларға Ұлттық Банктің алдағы қайта ұйымдастырылуы және қадағалау қызметінде реттеушінің тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізгені туралы айтып берді.

Іс-шара шеңберінде ХВҚ басшылығы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдері үшін ХВҚ-ға техникалық қолдау көрсету бойынша болашақ Өңірлік орталықты орналастыру үшін үміткер қалаларды қарау нәтижесінде Алматы қаласы таңдалғаны туралы мәлімдеді.

Вашингтонда болған кезде Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев сондай-ақ ЕҚДБ Президенті С. акрабартимен кездесу өткізіп, онымен республиканың халықаралық даму институтымен ынтымақтастығының түрлі аспектілерін талқылады.

Бұдан басқа Е. Досаев Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті С. Мюллермен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар макроэкономикалық саясат тақырыбын қозғады, экономиканы кредиттеуді ұлғайту мүмкіндіктерін, сондай-ақ ақша-кредит және фискалдық саясатты жетілдіру мәселелерін талқылады. Ұлттық Банк басшысы Қазақстанның Халықаралық қаржы корпорациясымен ынтымақтастығын осы ұйымның басшысы Ф. Ле Уэрумен талқылады.

Сапар барысында Е. Досаев Mastercard Төрағасының орынбасары М. Фроманмен, VISA International мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Аға вице-президент Д. Марантиспен келіссөздер жүргізді.

Өз кезегінде Ұлттық Банк басшысы J.P.Morgan Chase International Басқармасының Төрағасы Я. Френкельмен Қазақстанда J.P.Morgan-ның филиалын ашу мүмкіндігін талқылады.

Сонымен бірге Вашингтонда Е. Досаевтың Англия Банкі Төрағасының орынбасары С. Вудспен, Канада Банкі Төрағасының Бірінші орынбасары К.Уилкинспен, Citigroup-тің Бас Атқарушы директоры Д. Ливингстоунмен және Нью-Йорк университетінің экономика және құқық профессоры, Англия Банкінің бұрынғы басшысы М. Кингпен кездесулері өткізілді. 

375.12 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға