1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№36 Баспасөз релизі. Ұлттық Банк отандық автоөнеркәсіпке қолдау көрсету үшін автокредиттеу бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді

Бұл Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) 20 млрд теңге сомаға қаржыландыру алды. Алынған қаражатты ҚДБ екінші деңгейдегі банктерге жеке тұлғаларды – отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу үшін жібереді.

Сонымен бірге Ұлттық Банктің Бағдарламасы бойынша автокредиттеудің жеңілдік талаптары сақталғанын атап өткен маңызды. Мәселен, сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 7,5%-ға дейін), кредиттеу мерзімі – 7 жылдан аспайды. Отандық автомобильдің құны 15 млн теңгеден аспауға тиіс.

285.98 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға