1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№32 Баспасөз релизі. Ұлттық Банк кадр резервіне үміткерлерді іріктеуді бастады

Жоғары оқу орындарының дарынды әрі болашағы зор түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.

Үміткерлерді таңдау кезінде: тиісінше білімнің болуы, біліктілігінің жоғары деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл үйрену сертификаттарының болуы, сондайақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады.

Ең үздіктерді таңдау кезең-кезеңімен іріктеу арқылы қамтамасыз етіледі, үміткерлерге резюме, эссе тапсыру және іріктеудің бірнеше сатысынан өту ұсынылады. Резюме мен эссені қарау нәтижесі бойынша іріктелген үміткерлер адам капиталын дамыту бөлімшесімен әңгімелесуге шақырылады (үміткердің резюмесінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы), әңгімелесу психологиялық тестілеуден, Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуден тұрады.

Іріктеу жеңімпаздары Ұлттық Банктің кадр резервіне алынады және бір жыл ішінде Ұлттық Банкке жұмысқа орналастырылуы мүмкін.

Ұлттық Банктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

Бос лауазым орындары бойынша ақпарат және оларға қойылатын талаптар қоса беріліп отыр.

Іріктеуге қатысу үшін сіз 2019 жылғы 1 – 31 қазан (қоса алғанда) аралығында Ұлттық Банктің ресми сайтында орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыруыңыз қажет (www.nationalbank.kz, «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ-ға жұмысқа орналасу» бөлімі).

Жұмысқа орналасу жөніндегі, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады, оны App Store және Play Market платформаларынан жүктей аласыз. 

231.61 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға