1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№30 Баспасөз релизі. ЕАЭО шеңберінде экономикалық ынтымақтастық мәселелері туралы

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 62-64, 70 және 103-баптарына сәйкес ұлттық валюталардың өзара айырбасталуын қамтамасыз ету және ортақ қаржы нарығының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау үшін келісілген валюталық саясат жүргізу көзделеді. Ақша-кредит саясаты және валюталық реттеу мәселелері ЕАЭО елдері орталық банктерінің құзыретінде толық қалып отыр.

Осылайша, валюталық одақты қалыптастыру және бірыңғай валютаны енгізу көзделмейді. Сонымен қатар бірыңғай ақша-кредит саясатын жүргізу үшін ұлттықтан жоғары реттеу функцияларын бере отырып, бірыңғай орталық банк құру көзделмейді және қарастырылмайды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕАДБ ЕАЭО-ның жұмыс органы болып табылмайды және оның қызметі шартта көзделмеген. Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - ЕАДБ) ЕАЭО туралы шарттан тыс мемлекетаралық келісім негізінде құрылды. Қазіргі уақытта Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ЕАДБ мүшелері болып табылады.

ЕАДБ қызметі мүше мемлекеттердің инфрақұрылымды (көлік және электр энергетикасы) дамытуға арналған инвестициялық жобаларын қаржыландыруға, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісі саласындағы жобаларды қолдауға бағытталады. ЕАДБ инвестициялық портфелінің көлемі 3,545 млрд АҚШ долларын құрайды, оның ішінде жалпы көлемнің 39,7%-ы Қазақстан Республикасының үлесіне тиесілі.

ЕАДБ басшылығының пікірі шындыққа жанаспайды және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған уағдаластықтарға қайшы келеді. 

288.08 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға