Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 29 ақпан күні сағат 20:00-ден 01 наурыз 2:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 26 баспасөз релизі. Коллекциялық монеталарды айналысқа шығару туралы

«Тышқан жылы» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылдың символы – тышқан бейнеленген. Монетаны айналдыра «2020», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» деген жазулар жазылған. Монетаның ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Алтын және күміс монеталар он екі қырлы. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бірдей. Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар:

1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 300 дана;

2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1500 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«Тышқан жылы» монеталары осы серияны жалғастыратын, алтын және күміс монеталардың оныншы жұбы болып табылады. 2020 жылғы 25 қаңтардан бастап шығыс күнтізбесі бойынша тышқан жылы басталады.

Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Мүсіндік композиция авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және В. Кацевпен бірлескен авторлықта.

Он екі қырлы монетаның идеясы жыл символын монетаның ішкі жиегінен ортасына қарай жылжыту арқылы жыл символының бейнесін жыл сайынғы ауыстыруға негізделген. Күнтізбе кейіпкерлері Еуразия халықтары космогониялық көріністерінің пластикасында орындалған.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №804 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Алтын және күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтының интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

294.98 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға