1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 16 баспасөз релизі. ХВҚ мен Қазақстан Ұлттық Банкінің Дөңгелек үстеліне қатысушылар экономиканың инклюзивтік өсуін талқылады

Дөңгелек үстелдің жұмысына Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Басқарушы Директоры К. Лагард, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев, өңір елдерінің орталық банктерінің басшылары және қаржы министрлері, Қазақстанның астанасында аккредиттелген халықаралық қаржы ұйымдарының және елшіліктердің өкілдері қатысты.

ХВҚ Басқарушы Директоры К. Лагард атап өткендей, кедейшілік пен теңсіздік ауқымдарын қысқартуға, жұмыс орындары санының өсуін ынталандыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, жеке және шетелдік инвестицияларды ұлғайтуға бағытталған реформалар, сондай-ақ өңірдегі ынтымақтастықтың жағымды өңірлік серпіні өңірдегі сенімді, орнықты, теңестірілген және инклюзивтік өсуге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруы мүмкін.

ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев Дөңгелек үстелдің отырысында сөз сөйлей отырып, халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер және орталық банктер үшін инклюзивтік экономикалық өсу тақырыбының өзектілігін атап өтті. «Инклюзивтік өсудің барынша маңызды аспектілерінің бірі қаржылық қызметтердің қолжетімділігі болып табылады. Қаржылық қызметтерге кең ауқымды қолжетімділік экономиканың әлеуметтік бағытын күшейтіп, азаматтардың қаржылық әл-ауқатын арттыра отырып, экономиканың неғұрлым орнықты дамуына қолдау көрсетеді», – деді ол. Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы 2019 жылғы наурызда ҚРҰБ мен Үкімет арасында макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкінің келісілген іс-қимылы баға тұрақтылығын, экономиканы қолжетімді қаржыландыруды және қаржы нарығының орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. «Келісімде орнықты өсуді және нақты кірістерді қолдау, экономиканы әртараптандыру және мұнайға жатпайтын секторларды дамыту, кредиттеу талаптарын және қаржылық шешімдердің сапасын жақсарту бойынша жоспарлар қамтылған. Макроэкономикалық саясатты жүргізу нәтижесінде алынған сабақтың бірі – ақша-кредит саясаты, сол сияқты фискалдық саясат та Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының үйлесуінен ұтымды жағдайда болады», – деп қорытындылады Е. Досаев.

Орталық банктердің және қаржы министрліктерінің басшылары өз кезегінде экономикалық белсенділікті қолдауға және орталық банктердің өкілеттіктеріне сәйкес баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын іске асырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өңір елдерінің әлеуетті өсуін іске асыру бойынша салық-бюджет саясатының және құрылымдық реформалардың міндеттерін талқылады.

Жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелге қатысушылар өңірде кездесетін сын-қатерлерді және инклюзивтік экономикалық өсуге арналған жаңа мүмкіндіктерді талқылады. Сонымен бірге салық саясаты және кірістер мен шығыстарды басқару; қаржылық реттеу және қаржылық қызметтерге қолжетімділік; іскерлік ахуалды жетілдіру, басқару жүйесін жетілдіру және айқындылық дәрежесін арттыру шараларына қатысты мәселелерді қозғады.

281.32 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға