1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№15 Баспасөз релизі. ХВҚ Басқарушы Директоры К.Лагард АЭФ-на қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді

Дөңгелек үстелдің жұмысына Премьер-министр А. Мамин, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев, Кавказ бен Орталық Азия өңірі елдерінің, Моңғолияның және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары және қаржы министрлері, Қазақстанның астанасында аккредиттелген халықаралық қаржы ұйымдарының және елшіліктердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) бастамасын қолдайтын елдер өкілдерінің қатысуы күтіледі.

Іс-шара барысында ағымдағы экономикалық аухал мәселелерін талқылау, өңір елдерінің орнықты және инклюзивтік экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау жоспарланып отыр.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мынадай мәселелер бойынша пікір алмасады:

• қаржы секторын қалай нығайту керек және қаржы ресурстарының жеткілікті қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің бизнес-модельдерін қалай өзгерту керек;

• жеке сектордың қызметін ынталандыру, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін іскерлік ахуалды қалай жақсарту керек;

• басқару жүйесін қалай жетілдіру және мемлекеттік органдардың әкімшілік тиімділігін қалай арттыру керек.

Іс-шара аяқталғаннан кейін ХВҚ басқарушы директорының Қазақстанның және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі өтеді. 

180.55 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға